Сурет-130.Кредиттік оқыту жүйесінің басты ерекшеліктері 131-суретте А.Маслоудың идеялары бойынша Н.Сандерстің зерттеуіне сүйенсек, оқу – көру– меңгеру– пайдаланудың ара-қатынасы берілді.
Сурет-131. Оқу – көру– меңгеру– пайдаланудың ара-қатынасы Бакалавр өзіне тиісті несиенің кез келген басқа жоғары оқу орнында оқуына мүмкіндігі бар. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша жоғары оқу орындарында қызмет атқаратын оқытушы-профессорлардың атқаратын қызметтері: ассистент, доцент, профессор деп аталады.
Кредиттік оқу жүйесіндегі оқу жоспары үш түрлі формада қамтылады: типтік оқу жоспары, жұмыс оқу жоспары, жекелей оқу жоспары. Ол әрбір жеке білімгердің білім траекториясын анықтайды (132- сурет).
Сурет-132. Кредиттік оқу жүйесіндегі оқу жоспарының түрлері
Ал жұмыс оқу жоспары Қазақстан Республикасы Білім стандарты және типтік оқу жоспары негізінде жасалады.
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша жұмыс оқу жоспары білім бағдарламасының мазмұнын меңгеруге байланысты пәндердің үш тобын қамтиды ( 133-сурет).
Кредиттік оқыту жүйесінің негізі – білімгердің өз бетінше дамуына мүкіндік туғызу. Білімгердің іс-әрекетін ұйымдастыра алуға және білімін жетілдіруге қабілетін дамыту мақсатын іске асыру үшін оқытушы мен білімгер арасында типтік цикл іске асады: оқытушының білімгермен жұмысы; білімгердің оқытушының басшылығымен жүргізетін өз бетінше жұмысы білімгердің өз бетінше жұмысы.
Оқытушының білімгермен жұмысы – білімгердің өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызатын бірден бір жол.
Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білімгердің өз бетінше жұмысы (БӨЖ): материалы қосымша оқытуға бағытталған; БӨЖ оқу графигіне және білімгердің апталық жүктемесіне енеді; БӨЖ-на білімгермен консультация, интерактивтік форма түрінде сабақтар өткізу, үй тапсырмасын, бақылау жұмыстарын тексеру, қосымша консультация алу, рейтинг көрсеткіші төмен және берілген тапсырманы орындауға қиналатын білімгерлер үшін ақыл-кеңес беру, курстық, бақылау жұмыстарын орындау кіреді; БӨЖ оқытушының оқу жүктемесіне енеді.