К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-128. Кредиттік оқыту жүйесінің артықшылықтары



бет110/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   171
Сурет-128. Кредиттік оқыту жүйесінің артықшылықтары
Оқытудың кредиттік жүйесі – білім берудің демократиялығымен сипатталады және әр студенттің жеке бас ерекшелігі мен қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Бұл жүйенің негізгі ерекшелігі - студенттердің білім кеңістігін қалыптастыру еркіндігі, яғни, жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарттарының мамандар дайындаудың сапасына қоятын талаптарына сәйкес, білім алудағы өзінің ерекшелігі мен қалауына сай ұйымдастыра алады (129-сурет).



Сурет-129. Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері

Кредиттік оқыту жүйесі сызықтық емес оқыту жүйесіне жатады. Кредиттік оқыту жүйесінің басты ерекшеліктері: студенттердің оқу-тану іс-әрекеттері біртұтас құрылымдық қалыпқа келтіріледі; әр пәндік курс бойынша оқу-әдістемелік кешен құрастырылады; жоғары оқу орындарының жаңа үлгідегі оқулығын дидактикалық модульдердің жиынтығы ретінде жасау; жоғары оқу орындары оқытушыларының үйретушілік қызметтерін логикалық біртұтас құрылымға келтіру (130-сурет).


Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысының көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде оқытуға негізделген технология.
Қазастан Республикасында кредиттік оқыту жүйесін теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыттарын Г.К.Ахметова, С.Б.Әбдіғаппарова, С.Ә.Әбдіманапов, Б.С.Әбдірәсілов, Ж.Д.Дадабаев, А.А.Құсайынов, С.М.Өмірбаев, Б.З.Андасова және тағы да басқа ғалымдар зерделеді.
Кредиттік технологияның негізгі ерекшелігі – білімгердің жекелей оқу жоспарын құруында. Білімгердің жекелей оқу жоспары дегеніміз – эдвайзердің көмегімен әр оқу жылына берілген форма бойынша әрбір жеке оқушының білім траекториясын айқындауы. Білімгердің жекелей оқу жоспары факультет деканының қолымен бекітіледі, біреуі оқу жоспарын орындауы туралы деканатта сақталады, екіншісі студенттің қолында болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет