№
|
Негізгі ұғымдар
|
Сипаттамасы
|
1
|
Кредит (Credit)
|
Білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі
|
2
|
Транскрипт (Тrаnsсrірt) –
|
Білімді бағалаудың сандық және әріптік
жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат
|
3
|
Академиялық күнтізбе
(Асаdеmіс Саlеndar)
|
Оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі
|
4
|
Академиялық кезең
|
Үш нысанның біреуін таңдайтын өз білім
беру ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан
|
5
|
Академиялық мобильдік
|
Білім алушыларды немесе оқытушы- зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына
өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім
бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру
|
6
|
Білім алушының академиялық рейтингі
|
Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші
|
7
|
Академиялық деңгей
|
Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже
|
8
|
Академиялық сағат
|
Кесте бойынша оқу сабақтардың (аудиториялық
жұмыс) барлық түрлерi немесе жеке бекiтiлген графика бойынша білім алушылардың оқытушымен байланыс жұмысының уақыты
|
9
|
Белсенді үлестірмелі материалдар
|
Білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар)
|
10
|
Білім алушылардың өзіндік жұмыстары (БӨЖ)
|
Өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс
|
11
|
Білім алушылардың оқудағы жетістігі
|
Білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін
көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті
|
12
|
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау
|
Академиялық кезең ішінде, оқытушымен өткізілетін аудиториялық және аудиториялардан
тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру
|
13
|
Білім алушыларды аралық аттестаттау
|
Білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін
рәсім
|
14
|
Оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) –
|
Ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы; білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы
|
15
|
Оқу пәнiне жазылу
|
Білім алушылардың оқу пәніне
белгілі бір тәртіппен алдын ала жазу рәсімі
|
16
|
Пәннің сипаттамасы
|
Пәннің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы
|
17
|
Пререквизиттер
|
Оқылатын пәнді игеру үшін қажетті
білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер
|
18
|
Постреквизиттер
|
Аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер
|
19
|
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
|
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе көлемін анықтау
мақсатында өткізілетін рәсім
|
20
|
Офис регистратор
|
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің
барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет
|
21
|
Тьютор
|
Студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын оқытушы.
|
22
|
Эдвайзер
|
Тиісті мамандық бойынша білім алушының
академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру
бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы
|