К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-133. Білім бағдарламасының мазмұнын құрайтын пәндердің үш тобы



бет112/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет-133. Білім бағдарламасының мазмұнын құрайтын пәндердің үш тобы
Жаңадан құрылған педагогикалық жоғары оқу орны әлемдік бәсекеге қабілетті кәсіби даярлығы жоғары, өз білімін ұдайы жетілдіріп отыратын, шығармашыл, ізденімпаз, инновациялық даярлығы қалыптасқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын маман даярлауы қажет. Болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық даярлығы білімгерлердің ғылыми жұмыстарын жетілдіруге бағытталады. Педагогикада білімгерлерді ғылыми жұмыстарға қамтудың 2 формасы белгілі: білімгердің ғылыми-зерттеу жұмысы, білімгердің оқу-зерттеу жұмыстары.
Білімгерлердің оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бірінші курстан бастап-ақ жүзеге асырылады. Білімгерлердің оқу-зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты – білімгерлердің оқу пәніне деген қызығушылықтарын ояту, оларды зерттеудің қарапайым әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Ал екінші және үшінші курстарда бұл жұмыстардың ауқымы кеңейеді. Педагогика пәнінен білімгерлердің оқу-зерттеушілік жұмыстар төртінші курста да жалғасады. Педагогикадан білімгерлердің оқу-зерттеушілік жұмыстары болашақ педагогтардың педагогикалық теориямен қаруланып, педагогикалық іс-әрекеттің қыры мен сырын меңгеруге, мұғалімнің жұмысына қажетті кәсіби-педагогикалық даярлықтан өтуді қамтамасыз ете отырып, болашақ мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологияларды ЖОО қабырғасында жүргенде-ақ меңгеруіне толық мүмкіндік ашады. Жоғары курс студенттері инновациялық педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үдерісіне ендірудің мүмкіндік жағдайларын қарастырып, нақты ғылыми-зерттеулер жүргізіп, инновациялық педагогикалық іс-әрекеттерге дағдыланады.
Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу
жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.
Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек
сыйымдылығының есебі кредит арқылы өлшенетін оқытылатын материалдың көлемі бойынша жүзеге асырылады.
Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің барлық деңгейлері
бойынша бұрын меңгерілген кредиттердің өспелі есебін білдіретін
жинақтаушы болып табылады.
28-кестеде Кредиттік оқыту технологиясының негізгі ұғымдары берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет