К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Жоғары мектеп педагогикасы пәнінің әдіснамасы



бет21/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   171
Жоғары мектеп педагогикасы пәнінің әдіснамасы
Педагогика – ақиқат ғылыми көзқарас болып есептелетін және объективтік дүниені танудық, білудің және ғылыми білімнің дамуының бірден-бір әдісі болып саналатын философия негізінде дамиды. Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негізі диалектикалық және тарихи материализм болғандықтан, диалектикалық әдіс педагогикалық құбылыстарды кеңістік пен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмірдің басқа құбылыстарымен байланыста және өзара әрекеттестікте алып қарастыруды талап етеді.
Әдіснама - дүниені білу тәсілдері туралы ілім. Ғылымның әдіснамасы - ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды. Әрбір ғылымның өзінің зерттейтін саласы, оған тән зерттеу әдістері бар. Оның сипаты зерттеу алдында тұрған міндеттерге байланысты.
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы – кез келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер, философия заңдары. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін қолданады.
«Әдіснама» грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы әдіснама, ғылыми ұғымның теориялық негізі ретіңде дамуы мүмкін, нақты философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми әдіснаманы жетілдірудің бастамасын және негізін салушы Гегель өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және әдіснаманың үйлесімсіздігіне аударды.
Қойылаған міндеттерді шешу зерттеушінің ғылыми әдістерді қолдануын талап етеді. Теориялық және теориялық қолданбалы міндеттерді шешу үшін – теориялық деңгейдегі әдістер (теориялық және салыстырмалы талдау, нақтыдан абстрактылық және абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу, моделдеу, ойша эксперимент) қолданылады.
Теориялық қолданбалы және қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін: бақылау, әңгімелесу, сауалнамалық педагогикалық құжаттарды оқып танысу, эксперимент қолданылады.
Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты-ғылыми деңгейде өкізілген зерттеулер сүйенеді. Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. 
Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты .Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған айғақтар арқасында кеңейеді.
Әдіснамалық белгілеріне қарай, жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы жеке ғылыми тұрғыда педагогика ғылымына жатады; ал пәндік мазмұны жағынан педагогика тарихының, жоғары мектеп педагогикасының білімдерін жинақтайды, педагогикалық пәндер жүйесінде педагогика тарихы (пәні, оның міндеттері, ерекшеліктері) сипатына қарай танымдық құралдар мен практикалық әдіс-тәсілдерін, қазақ этнопедагогика тарихының ұғымдық құрылымын анықтаумен қатар, басқа ғылымдардың да (этнология, этнопсихология, фольклор, мәдениет теориялары, т.б.) жетістіктерін, тәжірибесін зерттеу жұмыстарын пайдаланады.
Ғылыми деректерді талдау, жинақтау барысында ғылыми категориялар қалыптасады. Ғылыми категориялар ұшан-теңіз деректердің ішінен белгілі бағытты анықтауға көмектеседі, бұл – танымның өзіндік бір сатысы болып табылады.
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы, философиялық диалектикаға негізделеді. Заттар мен құбылыстардың арасында әр түрлі байланыстар болады. Әлеуметтік ғылымдарда сан қырлы қоғамдық құбылыстардың байланыстары мен тәуелділіктері ашылады. Ғылым кез келген заттар мен құбылыстардың өзара сан алуан байланыстарын зерттей отырып, ең алдымен олардың ішінен сол заттар мен құбылыстар үшін анағұрлым маңыздысын, болып жатқан процестерді басқаратындарын бөліп алады. Бұл байланыстар – заңдар деп аталады .
Сонымен, заң дегеніміз – құбылыстардың өздеріне ғана тән қайталаньп тұратын, біршама тиянақты байланысы. Адамдар өз қалауынша заң атаулының қандайын болса да өзгертіп, жойып жібере алмайды. Олар тек бұл заңдарды танып-біліп, зерттейді және алған білімдерін өздерінің қызметіне пайдалана алады.
Диалектика – дүниенің барлық саласындағы заттар мен құбылыстарға тән жалпы заңдарды ашуды өз алдына мақсат етіп кояды. Ол – табиғат құбылыстарын, қоғамдық құбылыстар, оған адам санасы да бағынатын жалпы заңдар жайындағы ғылым. Диалектиканың түпкі қасиеті – қозғалыс, өзгеріс.
Диалектиканың негізгі заңдары: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне және оның кері айналуы, терістеуді-терістеу.
Диалектиканың ұғымдары: кеңістік пен уақыт, жекелік пен жалпылық, себеп пен салдар, мазмұн мен түр, мән мен құбылыс, қажеттілік пен кездейсоқтық, мүмкіндік пен шындык.
Зерттеушінің тиімді нәтижелерге жетуі үшін, қандай ғылымның болса да, белгілі бір ізденісті қалай және қай мақсаттар үшін жүргізетіні туралы нақты, мүлтіксіз түсінігі болуы керек. Мұның өзі, таным қызметін ұйымдастыруға, танымның белгілі бір «әдістер жүйесін» таңдап алуға көмектеседі.
Зерттеу жұмыстарына жаңадан араласқан зерттеушіге ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы тұрақты философиялық және теориялық тұжырымдар мен қортындыларға сүйенудің пайдасы мол. Бұл зерттеліп жатқан саладағы жаңа жүйелік тұтастық білімдерін алуға көмектеседі. Эмпирикалық деңгейдегі білім қайта құрылып, теориялық білім мен нақты шындықтың өзара қатынасы саласындағы теориялық қортындылар мен нақтыландырулардын негізін құрастыру қажет.
«Теориялық білім» дегеніміз белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Ал, тар және арнайы мағынасында, ол дегеніміз педагогикалык іс-әрекеттің зерттелініп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы. Бұл тұтас білім жүйесіндегі ішкі шектеу, ол бір элементтердің басқа элементтерге тәуелділігін сипаттайды, ал теория мазмұны пікірлер мен түсініктер жиынтығынан тұрады. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың қалыптасқан тәжірибесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені қортындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды.
Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде құралуының механизмі. Теория шынайы өмірде жоқ, бірақ теориялык-әдіснамалық білімдерге сүйеніп жүзеге асыруға болатын нәрсені құрастыруға көмектеседі. Осының бәрі ғылыми білімдердің жалпы жүйесі ретінде педагогикалық теорияның тұтастығын құрайды.
Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не істеу керектігіне бағыттайды. Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі – болмыстың практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі. Іс жүзінде таза теория болмайды, өйткені ол әрқашан зерттелінетін пәннің әдістемесімен өзара тығыз байланыста болады және зерттеу іс-әрекетінің бағытын анықтайтын бастапқы нүкте болып табылады.
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негізі диалектикалық және тарихи материализм болғандықтан, диалектикалық әдіс педагогикалық құбылыстарды кеңістік пен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмірдің басқа құбылыстарымен байланыста және өзара әрекеттестікте алып қарастыруды талап етеді.
Әдіснама - дүниені білу тәсілдері туралы ілім. Ғылымның әдіснамасы - ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды. Әрбір ғылымның өзінің зерттейтін саласы, оған тән зерттеу әдістері бар. Оның сипаты зерттеу алдында тұрған міндеттерге байланысты.
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы – кез келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер, философия заңдары. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін қолданады ( 5-сурет).
«Әдіснама» грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы әдіснама, ғылыми ұғымның теориялық негізі ретіңде дамуы мүмкін, нақты философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми әдіснаманы жетілдірудің бастамасын және негізін салушы Гегель өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және әдіснаманың үйлесімсіздігіне аударды.
16-суретте А.М.Новиков бойынша жоғары мектеп педагогикасының ерекшеліктерін көрсетілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет