К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


ж. Қазақ Ұлттық университеті Сурет-9. Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орындары



бет18/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

1934 ж.

Қазақ Ұлттық университеті





Сурет-9. Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орындары

1941 жылы республиканың халық шаруашылығында кәсіби мамандар арасында (52,3 мың адам) жоғары білімі барлар 16,8 мың.


1968-87 оқу жылдарында республиканың 55 жоғары оқу орындарында 274 мың студент білім алды.
1993 жылы Елбасымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бекітілді (1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы).
«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде мамандарды дайындау 2005 жылдан бастап Басым мамандықтар тізіміне сәйкес жүргізіледі. Жыл сайын шетелде мамандарды дайындау бойынша Республикалық комиссия шешімімен Басым мамандықтар тізімі бекітіледі.
2008 жылдан бастап ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми және педагогикалық жұмыскерлерге, ғылыми тәжірибиеден өту үшін квоталар қарастырылған.
2010 жылы ғылыми тәжірибие үшін 24 елдің 105 ғылыми ұйымдарында академиялық оқу үшін ұсынылған жоғары оқу орындары тізіміне 23 елдің 200 жоғары оқу орындары кірді.
Кесте 1-Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орындары

Реті

ЖОО

Ашылған жылы

Орналасқан жері

1

Ағарту институттары

1919-1920 жж.

Орынбор, Қызылорда, Семей

2

Түркістан мемлекеттік университеті (кейінірек Ортаазиялық университет)

1920 жыл

Түркістан

3

Бөкей ағарту институты

1920 жыл

Орда

4

Қазақ халық ағарту институты

1921 жыл

Орынбор (кейін Қызылордаға ауыстырылды),
Верный

5

Қазақ педагогикалық институты

1928 жыл

Алматы

6

Алматы зооветеренарлық институты

1929 жыл

Алматы

7

Қазақ ауыл-шаруашылық институты

1930 жыл

Алматы

8

Қазақ медицина институты

1931 жыл

Алматы

9

Орал педагогикалық институты

1932 жыл

Орал

2009-2010 оқу жылдарында «Болашақ» бағдарламасының 3000 стипендианты 27 елде білім алды.


1994 жылдан 2009 жыл аралығында бағдарлама бойынша 1700 астам адам бітірді.
2002-2003 оқу жылының басында елде 177 жоғары оқу орны жұмыс істеді, онда 597 мың 489 студент білім алды. Жекеменшік жоғары оқу орындарының саны 127 құрады. Онда 257 мың жас білім алды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жоғары білікті мамандарды даярлауда, оқытуда, ғылыми және мәдени дамуда едәуір жұмыс атқарып жатқан сегіз мемлекеттік жоғары оқу орнына ерекше мәртебе берілді. Олар - Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық музыка академиясы.
Болон процесінің талаптарына сәйкес Қазақстан мамандарды даярлаудың үш деңгейлі үлгісіне көшті: бакалавриат - магистратура - докторантура PhD.
Еуразия ұлттық университеті-Ірі білім беру жобасының бірі - Астанада халықаралық деңгейдегі жаңа университеттің құрылуы. Жоба әлемдік жетекші тәжірибені қолдана отырып, өңірде бірегей академиялық ортаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ең жоғары әлемдік талаптарға сай корпоративті инфрақұрылымы, сапалы жаңа институттары мен орталықтары бар жаңа жоғары оқу орны болмақ. Осы жобаны іске асырудағы әріптестер - танымал шетелдік технологиялық институттар.
2010 жылы білім беру қызметін 42 мемлекеттік, 13 азаматтық емес және 90 жекеменшік, оның ішінде 16 жоғары оқу орны жүзеге асыруда. Мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының саны 1991 жылғы 71 бірліктен 2010 жылғы 90 бірлікке өсті.
Жоғары оқу орындардағы ғылыми дәрежелі қызметкерлер пайызының артуына ең алдымен ғалымдардың ғылыми ұйымдардан жоғары білім беру жүйесіне ауысуы себеп, сондай-ақ берілген ғылым докторы мен кандидаты дәрежелері санының өсуі.
Халықаралық білім берудің стандартының жіктеушімен (ХБСК) үйлестірілген және Болон декларациясының негізгі ережелеріне сәйкес жаңа Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуіші әзірленді.
Мамандарды даярлаудың үш деңгейлі үлгісіне көшу жүзеге асырылды: бакалавриат - магистратура - докторантура. Аспирантура, докторантура PhD докторантурасы болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Болон декларациясына қосылды. 30 жоғары оқу орны Университеттеріне Ұлы Хартиясына қол қойды.
Халықаралық жаңа ақпараттық технологиялар университеті (Алматы қ.), Назарбаев Университеті (Астана қ.) жұмыс істейді.
Еліміздің ең ерекше оқу орны – Назарбаев университеті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған жаңа университет (10-сурет).
Қазақстан Республикасының Президенті 2009 жылы халықаралық деңгейдегі университет құру туралы жобаға бастамашылық етті. 2010 жылы Назарбаев Университетінің есігі алғашқы студенттерге ашылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет