Сурет-38. Менеджмент негізінде басқару міндеттері
Ұжымда шығармашылықпен жұмыс жасайтындай жағдай жасау қажет. Адамдарды басқару ғылыми іс-тәжірибесі көрсеткендей, адами орталықтандырудың басты құралы – адамдарды құрметтеу және адамдарға деген сенім, жеке тұлғаны сыйлау ( 39-сурет).
Сурет-39. «Жеке тұлғаны сыйлау» интегралды ұғымы
Ұжым мүшелерінің білім беру жүйесіне қосқан үлестері мен жетістіктерін үнемі ынталандырып, марапаттап отыру.
Ю.А.Конаржевскийдің сөзімен айтсақ, «әртүрлінің бірлігі» – бұл педагогикалық іскерлік деңгейі, көзқарастары, санасының әртүрлілігіне қарамастан қойылған мақсатқа жетуді көздейтін біртұтас ұжымды қалыптастыру.
Д.Колб, С.Люблин, Д.Спос, Р.Бейкер менеджердің құзырлық нобайын ұсынды. Ол басқару құзыретінің басты бағыттарын анықтайды. Менеджер құзырлығының көпдеңгейлі иеархиялық нобайының құрамына ықпалдастық қызырлық кіреді.
Ықпалдастық (интегративтік) құзырлық – тез өзгеретін сыртқы орта жағдайында білім, білік, дағдыны ықпалдастыра алу қабілеті ( 40-сурет).
Сурет-40.Менеджердің ықпалдастық құзырлығы
Егер жақсы басшы болғыңыз келсе – барлық күш-жігеріңізді, біліміңізді адамды тану үшін жұмсаңыз. Олардың қажеттіліктерін, құндылықтарын, қабілеттерін үйрен, зертте және адамдардың өзара қарым-қатынасын түсінуге талпын (Н.В.Кухарев).
2-ТАРАУ. ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ДИДАКТИКАСЫ .ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Жоғары оқу орнындағы тұтас педагогикалық процестің мәні, мазмұны, құрылымы
Тұтас педагогикалық процестің мәні және ерекшеліктері . Тәрбие, оқыту мен білім беруді біріктіруші бастама оқу, тәрбие мен тұлғаны дамытудың бңрлңгңн бейнелеуші педагогикалық процесс болып табылады. Педагогикалық процесс – білім, білік және практикалық дағдыларды игеру, тұлғаның моралды-психологиялық, дене қасиеттерін дамыту мақсатында педагогтар мен тәрбиеленушілердің арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттері. Оның негізінде тәрбиешенің өзіндік белсенділіктерін, педагогикалық өзара әсерлесу және белсенді қабылдау бірлігі ретінде педагогикалық әсер ету жатыр. Нәтижесінде олардың тәртібінен, әрекеті және қарым-қатынасынан өзгерістер көрінеді.
«Процесс» («processus» латын сөзінен шыққан; тікелей аудармасы ілгерілеу) ұғымына шетел сөздігінде төмендегідей анықтама береді: күйдің реттілікпен ауысуы, қандай да бір нәрсенің даму жүрісі; қандай да бір нәтижеге жетудің реттелген әрекеттер жиынтығы.
Ал, «педагогикалық процесс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф. Каптерев ендірді.
«Педагогикалық процесс» объектінің сапасы, оның қасиеті ретінде көрінеді, оларсыз педагогикалық процесс өзіндік ерекшеліктерінен айырылады: белсенділік пен қатынастың бірлігі, процеске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған, бірлескен, дербес іс-әрекеттері; әртүрлі сатыдағы жүйелердің қызметінің арнайы мамандануы; субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.
Педагогикалық процеске көптеген ғалымдар әртүрлі анықтама береді (12-кесте).
Педагогикалық процестің негізгі сипаттамасы оның біртұтастығында. Педагогикалық процестің барлық құраушылары бір мақсатқа бірігеді: білімділік, дамытушылық, тәрбиелік. Педагогикалық процестің тұтастығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігімен және нақты оқу-тәрбие процесінің өтуімен сипатталады.
Тұтастық, жалпылық, бірлік – бірдей мақсатқа бағытталған педагогикалық процестің барлық құраушыларының негізгі сипаттамасы. Педагогикалық процесс – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы. Педагогикалық процесс – негізгі біріктіруші жүйе. Онда қалыптасу, даму, тәрбие және оқыту процестері өздерінің барлық шарттарымен, формаларымен, әдістерімен өзара бірігеді.
Педагогикалық процестің негізгі сипаттамасы оның біртұтастығында. Педагогикалық процестің барлық құраушылары бір мақсатқа бірігеді: білімділік, дамытушылық, тәрбиелік. Педагогикалық процестің тұтастығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігімен және нақты оқу-тәрбие процесінің өтуімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |