К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-2. Қазіргі кезеңдегі білім беруді дамытудың мегатенденциялары



бет4/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет-2. Қазіргі кезеңдегі білім беруді дамытудың мегатенденциялары
Оқу мекемелерінің автономизациясы (тәуелсіздік, орталықтандыру, өаржыландыру көздерін диверсификациялау)
Жоғары білімді Басқару жүйесі орталықтандырылған елдерде жоғары білім айқындылығы ЖОО автономиясының өсуіне ең аз үлеспен мемелекеттің қатысуы елдерде, оны басқару децентрализация тенденциялары болып табылады.
«Парадигма» терминін (грек тілінен аударғанда «үлгі» дегенді білдіреді ) 1962 жылы Томас Кун ғылымға енгізді. Парадигма – барлығымен ойындалып қабылданған ғылыми жетістіктер, олар ғылыми қауымдастыққа белгілі бір уақыт аралығында мәселелерді анықтау және олардың шешу моделін ұсынады. 
Қазіргі педагогика ғылымында жетекші 4 білім беру парадигмасын көрсетуге болады:

  1. Дәстүрлі парадигма (немесе білімділік).

  2. Тұлғалық бағдарланған (гуманисттік немесе субьект-субьектілік). 

  3. Функционалистік парадигма.

  4. Мәдениеттанушылық парадигма

Ғылымның дамуының алғашқы факторларының бірі өзінің әдіснамалық бағыттары бар жеке (атаулы, авторлық, инновациялық мектептер) мектептердің пайда болуы. Осындай мектептер бір-бірімен несімен ерекшеленеді. Әрине, парадигмаларымен.
Ресейлік ғалымдар А.Н.Тихонов, В.А.Садовничий: «Парадигма – нақты ғылыми зерттеулерді анықтайтын және ғылыми практиканың сол кезеңінде жүзеге асатын теориялық және әдіснамалық алғышарттардың жиынтығы» – деп анықтама беріп, парадигманың мағынасын ашып береді.
Ал қазақстандық ғалымдар Ж.Наурызбай, А.П.Сейтешов, Ш.Т.Таубаева, К.М.Арынгазин, А.Д.Кайдарова және т.б. ҚР білім беру жүйесіне жаңа парадигманың қажеттілігін ашып көрсетеді. Мәселен, ғалым К.М.Арынгазин бұған мағыналы педагогиканы ұсынса, академик А.П.Сейтешов – «суперобъектілер: адам, әлеумет, өркениет» және білім берудің өзара байланысын қарастырады, ғалым Ш.Т.Таубаева «ғылыми зерттеулер барысында шешілетін нақты проблемалар мен оларды шешудің әдіс-тәсілдері» деген ұстанымды ұстаса, А.Д.Кайдарова көппарадигмалық тұғырды ұсынады.
Парадигма ұғымының мазмұнын әр түрлі ғылымдар тұрғысынан қарастырып көрелік. Парадигма ұғымын ғылымға оңшыл бағыт ұстанушы Бергман енгізген, ал оны ары қарай терең зерттеген американдық физик, философ Т.Кун болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет