Парадигма- белгілі бір тарихи кезеңдегі осы саладағы ғалымдардың зерттеу практикасын ұйымдастыруға болатын үлгілерден тұратын негізгі ғылыми жетістіктердің жүйесі
Психология
6
Ғылыми парадигма – бұл тек қана теория емес, ғылымдағы іс-әрекеттер тәсілі, білім беру мақсаттарын шешудегі белгілі стандарт, зерттеу проблемасын шешудің үлгісі, нобайы
К.Д.Бузаубакова
7
Білім беру парадигмасы – адами және мәдени құндылықтарға арқа сүйейтін мектептің жаңа нобайының, білімнің интеллектуалды эталонының орталығы болатын демократиялық, инновациялық мектептің және жеке тұлғаның өркениет бағытындағы білім берудің мемлекеттік және халықаралық стандарттарына сай дамуының әдіснамалық негіздерінің эталоны
А.П.Валицкая
Шетелдегі психологиялық-педагогикалық ғылыми көзқарастарға толық талдау жасап көрелік. Шетелдік педагогикада қолданылып жүрген білім беру парадигмасы әртүрлі тұжырымдамалар түрінде беріледі: дәстүрлі немесе «білім» парадигмасы; технократты немесе прагмативті парадигма; бихевиоралды парадигма; ізгілікті парадигма; теологиялық парадигма; биопсихологиялық парадигма .
Әр елдің білім беру жүйесі әр түрлі парадигмаға сүйенеді. Мәселен, Ресейде төмендегідей парадигмалар пайда болды (3-сурет):
Либеральды – рационалистік ағым (Г.П.Щедровицкий және басқалар). Г.П. Щедровицкийдің пікірі бойынша, қазір Ресейде білім беру саласында кризис орын алып отыр, жаңа педагогикалық формация орнығын келеді, бұл формация адамзаттың 2000 жылдық дамуындағы төртіншісі болмақшы, қазіргі «инструментальды-технологиялық» парадигма қазіргі уақыт талабына ілесе алмайды .
Мәденицентризм (А.П.Валицкая және басқалары). А.П.Валицкая білім беру саласындағы «кризистен шыудың бірден бір жолын білім беруге мәдени шығармашылық бағыт беру» деп санап, білім берудің ізгілікті парадигмасының мағынасын аша түседі: баланы ерекше мәдени әлемді тасы–малдаушы ретінде ұғыну; мұғалімді педагогикалық шығармашылықты тасы–малдаушы рөлінде түсіну; мектептегі білім беру үрдісін жеке тұлға мәдени әлеуметтік кеңістікте еркін дами алатындай етіп ұйымдастыру .