К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет5/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171
Парадигма дегенд ғылымның негізгі өлшем бірлігі. Парадигма деп барлық қалың жұртшылық түгелдей дерлік мойындаған ғылымның алғы жетістіктерін айтуға болады ( 1-кесте).
Парадигма ғылымда екі жақты рөл атқарады: бір жағынан ғылыми проблемаларды шешуді жеңілдетеді, ал екінші жағынан жаңа идеяларды қабылдауға тосқауыл болады, себебі белгісіз, дәстүрлі емес бағыттағы ғылыми ізденіске шектеу жасалынады, яғни жаңаның өмірге келуіне кедергі жасайды.
Педагогика ғылымында парадигма ұғымы өзгеше сипатталады. Мәселен, ғалым В.И.Андреевтың пікірі бойынша, қазіргі кезеңде «білімді адам» парадигмасынан «өмірлік іс-әрекетке дайындалған адам» парадигмасына көшу орын алып отыр, жаңа парадигманың артықшылығы – адам еркін ойлана алады, өз ойын шығармашылыққа ұштастыра алады, өз бетінше дами алады, интеллектуалды, физикалық және адамгершілік тұрғыда өзін қалыптастыра алады.
Көптеген ғалымдардың анықтамасы бойынша, педагогикалық парадигма – бұл білім беру мақсаттарын шешудегі белгілі стандарт, қалыптасқан көзқарас. Дәстүрлі педагогикада парадигма ретінде кіретіндер: оқушы – педагогикалық қарым-қатынас объектісі, ал оқытушы басқару органдарының директивті нұсқауларын орындаушы; педагогикалық қарым-қатынас барысында тұлғаның ішкі жан дүниесі назардан тыс қалып отырады және т.с.с.
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек адамзаттың белгілі тарихи кезеңге қажетті анықталатын білім мен біліктіліктің жиынтығына деген көзқарас; өркендеу бағытындағы мәдениет пен адамзаттың даму әдістерін ұғыну; ақпаратты кодтау және тарату принциптері; адамзаттың мәдени дамуын ұғыну; адамзаттың әлеуметтік дамуындағы білімнің орнын бағалау; білім беру үрдісінде білім мен мәдениеттің тасымалданушысы ретінде педагогтың орны мен рөлін түсіну; тәрбиелеу – оқыту – білім беру құрылымындағы баланың орны мен рөлін анықтау және т.б.
Білім беру парадигмасына тоқталып көрелік. Ш.А.Амоношвили білім берудің ізгілікті парадигмасын ұсынады. Ал ғалым Е.А. Ямбург парадигманы когнетивтік (интеллектуалды даму) және тұлғалық (эмоционалды және әлеуметтік даму) парадигмалары ретінде ажыратады .
Бұл 2 парадигма да тұлғаның жеке басының ерекшеліктерін тануға бағытталады да, педагогикалық феноменді тарихи кезең мен мәдениетпен бірлікте қарастырыла алмайды.
Г.Б.Корнетовтың авторлық технологиясы соңғы нәтижені алуға бағытталған базалық модельдер технологиясына жүгінеді.
Дәстүрлі парадигма оқушының түгел және бірден берілетін «дұрыс» ақпаратты қабылдауын қамтамасыз етеді. Ал ізгілікті парадигма – оқушыны «оқуға үйрету» принципін ұстай отырып, оны барлық жаңалыққа мойын ұсынатын, білімге деген қажеттілікті ұдайы қамтамасыз етеді.
Жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын одан әрі толықтыра келе Н.Г. Осухова қазіргі кезеңде бұрынғы субъект-объекті ескі парадигадан жаңа субъект-субъекті (тұлғалы-бағдарлы) тәрбие парадигмасына көшудің орын алғанын атап көрсетеді: оқушыға деген ерекше көзқарас, оның жан дүниесін түсіну; оқушымен демократиялық қарым-қатынас; тәрбиеде қолданылатын барлық әдіс-тәсіл, құрал оқушының жүрегінен шығуына жағдай жасау; қойылатын мақсат, күтілетін нәтиже оқушыға қатысты болуы шарт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет