Сурет-6. Болон процесінің артықшылықтары
Жоғарғы білім білім деңгейінің көрсеткіші ретінде кәсіптік білімнің үш деңгейлі жүйесінде (жалпы орта және кәсіптік білімнен соң )жоғарғы деңгей болып табылады және кәсіптік қапталдан теориялық және тәжірибелік мақсаттарды шешуге мүмкіндік беретін жүйелендірілген білім мен тәжірибелік дағдылардың жиынтығынан тұрады.
2010 жылдың наурыз айында Қазақстан ресми түрде Болон декларациясына қосылып, Европалық жоғарғы білім аймағының 47-нші толыққұқықты мүшесі атанды. 60 қазақстандық университет Ұлы университеттер Хартиясына қол қойды. Осылай мамандарды даярлаудың Болондық декларация ұстанымдарына негізделген үш деңгейлі моделіне өту жүзеге асырылды: бакалавр - магистр - Ph.D докторы .
7-суретте Болондық декларацияның 7 негізгі бағыты ашылды.
Сурет -7. Болондық декларация негізгі бағыты
Болондық декларация аясында бірыңғай еуропалық жоғарғы білім кеңістігін қалыптастыру мақсатында Еуропа мемлекеттерінің білім жүйелерін жақындату мен үйлестіру процессі қазіргі уақытта Қазақстан да белсенді қатысатын Болондық процеске енді.
Қазақстандағы жоғары білім берудің тарихы
Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықпен нарықтық экономикалы ел деп танылып отыр. Білім - әлемдегі өркениетті дамыған елдердің барлығында дерлік дамудың негізгі көрсеткіші мен негізгі басыңқы бағыты болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену міндеті елде ғылыми сыйымды технологиялық білімі бар, басқарушылық қабілетке ие, нарықтық экономикада дұрыс бағыт таңдай алатын жоғары білікті мамандар болған кезде және дүниежүзілік нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді білім беру жүйесі құрылғанда шешіле алады ( 5-кесте).
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды:
1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар);
2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар);
3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2010 жылдар);
4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2010 жылдан бастау алған қазіргі кезең).
Достарыңызбен бөлісу: |