К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)
Дидактика философиялық жалпы ғылыми және жеке ғылыми ұғымдарды пайдаланады ( 59-сурет). Сурет-59. Дидактиканың жеке ұғымдары Педагогика ғылымында оқытудың тәрбиелік және адам дамуының негізін ашатын және сипаттайтын теориялар жеткілікті (14-кесте). Оқытуды жүзеге асыруда және білім мен оқытуды ұйымдастыруда модернизациялау (жаңғырту) көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «fоrmа» сырқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады.«Түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Оқыту үрдісі – оқушыға білім, тәрбие берудің және оны дамытудың мақсаттары шешілетін мақсатты бағытталған, бірізді өзгеріп отыратын мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі. Оқыту– қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту -қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тежірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі. Оқытудың түрі – оқу материалын меңгерудегі студенттердің өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен амалдарға, құралдарға, студенттердің іс-әрекетіне тәуелді болады. Педагогикалық іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі студенттер мен оқытушының қарым-қатынасы (Чередов И.М.). жүктеу/скачать 4,55 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |