Кесте 20- Білім беру стандартына байланысты оқытудың ғылыми-әдістемелік проблемалары
№
Негізгі дидактикалық сұрақтар
Проблемалар
1
Неге оқыту керек?
Оқыту мақсаты
2
Неліктен оқыту керек?
Оқыту мотивациясы
3
Нені оқыту керек?
Білім мазмұны
4
Қашан оқыту керек?
Жас шамасына сай оқыту
5
Қалай оқыту керек?
Білім берудің әдістері, түрлері
6
Қай деңгейде оқыту керек?
Міндетті және мүмкін деңгейлер
7
Қандай бағамен оқыту керек?
Білім рейтингісі
Адамзат дамуының үшінші мыңжылдық жылнамасы ашылып отырған кезеңде жалпы қоғам дамуында білім жүйесінің алатын орны мен маңызы жөнінде әлемдік деңгейде көптеген толғаныстарды пайымдау болып, оның нәтижесі ретінде негізгі бағыттар айқындалуда.
Сол себепті 07.06.1999 жылғы 389-1 нөмірімен бекітілген Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.09.1999 жылғы «Жалпыға міндетті білім стандартын дайындау, бекіту және қолдануы мерзімін айқындау тәртібі туралы» №1290 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 30 мамыр 2001 жылдың №404 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» бекітіліп, қолданысқа енгізілді.
Бұл стандарт Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінің оқу жүктемесі минимумына және оқушылардың дайындық деңгейлеріне, мектеп бітірушілердің білімдерін объективті бағалауға, әртүрлі деңгейдегі оқу бағдарламаларын жасауға қажетті және білімі туралы құжаттардың эквиваленттігіне қойылатын талаптарды тағайындайды. Мәселен, бұл құжатта Қазақстан Республикасы орта білім беретін мектептің базистік оқу жоспарларының 2 бөлігі анықталынады: инвариантты бөлік; вариативті бөлік ( 68-сурет).