К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Жобалап оқытудың бастапқы теориялық ұстанымдары



бет78/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Жобалап оқытудың бастапқы теориялық ұстанымдары:

  • Басты назар-білім алушыда, оның шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал ету.

  • Оқыту процесі оқу пәнінің логикасына сай емес, оқушы үшін жеке мәні бар іс-әрекет логикасына сай құрылады, бұл оның оқуға деген ынтасын арттырады.

  • Жоба жасаудағы жеке жұмыс қарқыны әр оқушының өз даму деңгейіне шығуын қамтамасыз етеді.

  • Оқу жобасын кешенді жасау білім алушылардың негізгі физиологиялық және психологиялық қызметтерінің тепе-тең дамуына септігін тигізеді.

  • Базалық білімнің терең де саналы меңгерілуі оның әртүрлі жағдайларда әмбебап қолдануы есебінен қамтамасыз етіледі.

Оқу жобасын жасау процесінде оқушының нақты жағдайларды бастан өткізуі, процестердің, құбылыстардың мәніне терең бойлауы, жаңа нысандарды жобалауы – технологияның негізгі мәні болып табылады.
Ал, мұндай жетістіктерге жету үшін оқытудың ерекше түрі керек.
Қазіргі кезде жобаны төмендегідей кезеңдерден құру кеңінен орын алған: жобалық тапсырманы дайындау, жобаның өзін құру; нәтижелерді шығару; қоғамдық (тұсаукесер) таныстыру; рефлексия (97-сурет).
Жобалау әдістерін қолдану арқылы оқыту технологиясын оқытудың басқа әдістерін толықтыру ретінде пайдалану қолайлы екендігін мамандар дәлелдеп отыр.
Жоба негізінен, пәнаралық сипатқа ие болып, білімнің әр саласынан ақпаратты байланыстырып тұрады. Сондықтан ғалымдар оқытушы мен студенттер әрекеттінің реті мен құрылымын біліп көрсетеді. Мәселен, «Тәрбие жұмысының әдістемесі» пәнінен жобалау әдістерін қолдану арқылы оқыту технологиясын пайдалану мүмкіндігін көрсетейік.
1-кезең - жобаны дайындау. Тақырып пен мақсатты анықтау. Бұл кезеңде студенттер пәнді оқытушымен бірге талқылай отырып, ақыл-кеңес алуы, соның негізінде мақсатты айқындауы қажет. Ал оқытушы зерттеудің келешегін ашып көрсете отырып, студенттерді жігерлендіреді, ақыл-кеңес береді. Соның нәтижесінде тақырып пен мақсатты айқындайды: Тақырыбы: ұжымдық тәрбиелік істері ұйымдастыру әдістемесі. Мақсаты:ұжымдық тәрбиелік істерді ұйымдастыру әдістемесін меңгеру.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет