К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-97. Жобалау кезеңдері



бет79/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет-97. Жобалау кезеңдері


2-кезең - жоспарлау. Осы тақырып бойынша студенттердің ақпарат көзін, ақпаратты жинау және талдау тәсілдерін, есеп беру формаларын, нәтижелер мен процесті бағалау өлшемдері анықталады, рөлдер бөлінеді. Студенттер өз беттерімен жоспарды құрайды, міндеттерді анықтайды. Оқытушы тарапынан түзетулер енгізіліп, идеялар ұсынылаы, нәтижені болжау жүзеге асырылады. Жоспар бойынша студенттердің алдына ұжымдық тәрбиелік істердің мәнін түсіну, кезеңдерін айқындау, оларды жоспарлау және ұйымдастыру бойынша алдыңғы қатарлы мұғалімдерің іс-тәжірибелерін жинақтау, оқып-үйрену және талдау міндеттері қойылады.
3-кезең - зерттеу. Мұнда студенттер берілген тақырып бойынша ақпараттар жинап, қойылған міндеттердің шешімін табу үшін әрекеттер жасайды. Бастауыш сынып мұғалімдерінен интервьюлер алады, сауалнамалар, бақылаулар жүргізеді, анықтамалық, ғылыми-педагогикалық әдебиетттермен жұмыс істейді, яғни студенттер аралық міндеттерді шеше отырып, проблема бойынша зерттеулер жүргізеді. Оқытушы тарапынан үнемі бақылау жасалынып, керегінше көмек, ақыл-кеғес беріліп отырады.
4-кезеңде зерттеу нәтижелерін жинақтау, ақпаратты талдау, қорытынды құру және шығару жүзеге асырылады.
5-кезеңде студенттер шығармашылық есеп береді, нәтижелерді ұсынады. Есеп беру барысында ауызша баяндамалар жасалынады, рефераттар қорғалады, қабырға материалдары дайындалады, кітапша, қаттама шығарудың негізінде жазбаша есеп беріледі, т.с.с.
6-кезең – нәтижелер мен процеске баға беру. Студенттер бағалауға, жобаға қатынасушылардың пікірін ескере отырып, студенттер мен эксперттердің жұмысын бағалайды, келешекте зерттеулер жүргізуге, әсіресе зерттеушілік қабілеті болашағынан үміт күттіретін студенттерді жігерлендіреді.
Бұл технологияны кез келген пәнді оқыту барысында қолдануға болады. Ең бастысы, олар жоба әдісінің мынадай негізгі талаптарына жауап беруі тиіс:
- зерттеушілік, шығармашылық тұрғыдан алғанда неғұрлым мәнді проблемалардың-міндеттердің болуы;
- алынатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық мәнділігі;
- студенттердің өзіндік (топтық, жұптық, жеке) әрекеті;
- жобаның мазмұндық білімін құру;
- зерттеу әдістерін (проблема мен одан туындайтын зерттеу міндеттерін анықтау, оларды шешуді болжау, зерттеу әдістерін талқылау, соңғы нәтижелерді рәсімдеу, алынған мәліметтерді талдау, қорытындыларды шығару) таңдап алу және пайдалану .
Студенттердің білімін бақылауды компьютерде жүзеге асырудың жетістіктері ретінде төмендегі жайттарды атап өтуге болады:

  • әрбір студент өз қарқынымен жұмыс істейді;

  • әрбір студентке жеке тест беру мүмкіндіг бар;

  • компьютер нәтижелерді бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етеді;

  • уақытты үнемдейді;

  • қолайлы интерфейспен қамтамасыз етеді;

  • ақпараттың аздығымен ерекшеленеді;

  • тест нәтижесін автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді;

  • оқытушының ролі өзгереді, енді ол бақылаушыдан кеңес берушіге ауысады.

ЖОО-ның тәжірибесінде білім алушылардың ұжымдық-танымдық оқу, жоғары белсенділікті дамытатындай әдістер жиі пайдаланылады: рөлдік ойындар; іскерлік ойындар; пікірталас, сыр сұхбат; диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер және т.б. интерактивті әдістер.
Негізінен мектепте әртүрлі оқу жобасы болу керек. Бір жобаны әрбір сынып үшін кешенді қарастыруға болса, әртүрлі жастағы ұжымдары бар мектеп үшін бір оқу жылына 2-3 жоба да алуға болады.
Технологияны пайдаланудағы шектеулер:

  • Мұғалімнің аталған технологияны пайдалануға деген ықыласының төмен болуы.

  • Оқушылардың жобалауға қатысуға деген ықыласының төмендігі.

  • Жоба бойынша жұмыс нәтижелерін бақылаудағы баға көрсеткіштерінің дәл анықталмауы.

Бірінші шектеуге байланысты оқушылардың жобалауға деген қызығушылығын оятатын бірнеше әдістері бар:
1.Жобалау технологиясының мән-мағынасын түсіндіру.
Әртүрлі жобаларды мысалға келтіре отырып, мұндай жұмыстың маңыздылығын, жобаны жасаушылардың жұмысын сипаттауға болады. Мұнда «жоба» ұғымына кеңінен тоқталған жөн.
2.Жобалардың мүмкін 10-15 тақырыбының тізбесіне аннотация беру.
«Ал мен болсам былай істер едім…», «Егер де мен мектеп директоры болсам»... деген мүмкін нәтижелерді, күтілетін жобалық шешімді ұсыну.
3.Орындалған жобалардың нұсқаларын ұсыну. Нұсқаларды ұсынғанда оқушыларға жоба мазмұны мен көлемі, оны жазуға қойылған талаптар, жобаның мықты және әлсіз тұстары, оны бағалау көрсеткіштері туралы айтқан жөн( 23 -кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет