К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-96. Жобалау сабағының ерекшеліктері



бет77/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет-96. Жобалау сабағының ерекшеліктері
Олардың негізгілері:

  • Жобаға қатысушылар өмірде әйтеуір бір адамның жобалау бастамасын іліп әкетеді.

  • Жобаға қатыушылар оқыту түрі туралы бір-бірімен келіседі.

  • Жобаға қатысушылар жобалау бастамасын дамыта отырып, оны басқалардың назарына алуын қамтамасыз етеді.

  • Жобаға қатысушылар өздерін жұмысқа дайындайды, ұйымдастырады.

  • Жобаға қатысушылар бір-біріне жұмыс барысы туралы ақпараттар беріп отырады.

  • Жобаға қатысушылар пікірталастарға қатысады.

Бұдан жобалау әдісін автор «жоба жасаудағы оқушы мен мұғалім әрекетінің жүйесі» деп қарастыратыны байқалады. Әйтсе де, бұл жобалап оқыту технологиясына берілген біршама кеңейтілген түсінік.
Қазіргі кезеңде жобалап оқытудың негізі қаланғандығы туралы айтуға болады. Н.Г.Чернилова жобалап оқытуға «Базалық технологиялық білімді меңгеру үшін кешенді оқу жобаларын ақпараттық үзілістермен кезектестіріп орындауға негізделген дамыта оқыту» деп анықтама береді.
Мұнда автор жобалап оқытуды дамыта оқыту түрі ретінде қарастырады.
Оқыту процесін толығымен жобалап оқытуға көшіру мүмкін емес екені мәлім. Алайда, білім жүйесінің қазіргі даму кезеңінде педагогикалық практиканы жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларымен байыта түсу маңызды. Сондықтан, жобалап оқыту технологиясын – жеке тұлғаға дербес бағытталған технологиялардың бірі деп есептеуге болады.
Жобалап оқыту мақсаты:

  1. Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен оқушылардың өз бетінше және ықыласпен оқып үйренуіне;

  2. Танымдық және практикалық міндеттерді шешуге алған білімді пайдалануына;

  3. Әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып коммуникативтік біліктерді игеруге;

  4. Зерттеу біліктерін проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау, дамытуға пайдалану;

  5. Жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасау болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет