Білім алушы лардың өздері үшін тренинг бағасының пайдасы.
Тренинг барысында алған білімнің оқушының жеке жетістіктеріне әсері.
Бағалаудың сыртқы критерийлеріне жататындар:
Білім алушы лардың тәрбие деңгейлерінің артуы.
Білім алушылардың бір-бірімен қарым-қатынастарының жақсаруына әсері.
Тренингтік бағдарламаның тиімділігін бағалау тренингтен кейінгі және ұзақ мерзімді болып 2 бөлінеді.
Тренинг барысында тренингтен кейінгі бағалау – білім алушы лардың іс-әрекетіне, білік, дағдысының дамуына тренинг қалай әсер ететіндігімен өлшенеді, ал екіншісі – тренингтің әсері оқушыларға ұзақ уақыт өткеннен кейін (мысалы, жарты жыл, бір жыл өткеннен кейін) қалай әсер еткендігімен өлшенеді.
Қазіргі кезеңде тренингтің 3 түрі кеңінен оқу-тәрбие процесінде қолданылады. Олар: когнитивтік тренингтер; қарым-қатынас тренингтері; релаксациялық тренингтер.
Тәрбие жұмысында көптеп қолданыста жүрген қарым-қатынас тренингісін қарастырайық.
Қарым-қатынас тренингі үш технологияны біріктіреді: өзара қабылдаушылық; өзара түсінушілік; өзара іс-әрекеттілік (93-сурет).
Сурет - 93. Қарым-қатынас тренингісінің құрылысы Қарым-қатынас тренингінің толық бағдарламасы төмендегілерді қамтиды:
Ұжым мүшелері өздерінің дербес қабілеттерін арнаулы тестілеуден өткізіп, біле алады. (Мысалы, арнаулы «Өрмекші-МИБ» әдістемесімен, 74- сурет).
Серіктестігін білу мақсатында өз жобасының тұсаукесерін жасау арқылы өзара қабылдай алуы;
Қарым-қатынастың тілдік және тілдік емес құралдары арқылы өзара түсінушілік;
Бірлескен-жекеленген, бірлескен-жүйеленген, бірлескен-өзара іс-әрекеттілік жұмыстарды қамтитын өзара іс-әрекеттілік.
Іс-тәжірибе көрсеткендей-ақ, тренингке қатысушылардың саны 8-ден 12-ге дейін болғаны дұрыс.