Сурет-162.Тесттің сипаттамасы
Тест әдісінің артықшылығы: тексерудің, бақылаудың объектілігі; тест арқылы бағалау нақты әрі сараланған, даралық сипатта; дәстүрлі тексеру әдісінен тиімдірек: біріншіден, білімгерлердің үлкен топтарымен жүргізуге болады, екіншіден, уақыт үнемделеді, шектеулі.
Тестің мәні – оның адам қабілеттерін айқындау, өлшеу құралы болуында.Тест – жас деңгейлері, білім деңгейлері бойынша топталған, арнайы әзірленген тапсырмалар жиынтығы. Тест тапсырмалары ішінара ізденіс, репродуктивті ғана емес, шығармашылық сипаттамаларымен ерекшеленеді, себебі, онда білім алушының теориялық білімімен қатар практикалық біліктіліктері де бағаланады.
163-суретте тестің түрлері ашылды.
Сурет-163. Тест түрлері
Тест құруға қойылатын талаптар:
Тапсырмалар жеңіл оқылуы тиіс.
Бір тапсырманың жауабы басқа тапсырмалардың жауаптарына байланысты болмауы керек.
Тапсырманың жауаптары басқа тапсырмалардың дұрыс жауабына ықпал жасамауы тиіс.
Дұрыс жауаптардың біреуі ғана таңдалатын тестілерде тапсырмалардың дұрыс жауаптары біркелкі емес, кездейсоқ тәртіппен берілуі керек.
Тапсырма мәтінінің құрылуында екі жақты «тұзақ» тәрізді мағына болмауы керек.
Балама түрдегі тестілерде дұрыс жауапты білдіретін астыртын сөздер болмауы тиіс.
Тапсырмаларды дұрыс түсіну үшін түйінді, тірек сөздерді қолдану керек.
Тест сұрақтарына жауап қысқа, жинақы берілуі тиіс.
Тест сұрақтары анық, қысқа құрылып, оған біржақты жауап берілуі тиіс.
Тест курстың оқу бағдарламасы негізінде құрылуы және неғұрлым маңызды тараулар мен тақырыптарды қамтуы тиіс.
Тестке бірнеше сұрақтар немесе тапсырмалар енеді, олардың әрқайсысы дұрыс жауапқа – 1 балл, дұрыс емес жауапқа – 0 балл жүйесімен бағалануы тиіс. Тестіде тапсырмалар неғұрлым көп болса, соғұрлым нәтиженің анықтығы (нақтылығы, нанымдылығы) жоғары болады.
Тесті бағалауда кредиттік жүйедегі бағалау шкаласы пайдаланылады:
Достарыңызбен бөлісу: |