К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-161. Білім беру қызметін бағалау көрсеткіштері



бет141/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет-161. Білім беру қызметін бағалау көрсеткіштері

Түлектердің қандай бөлігінің оқу орнын жалғастырып, магистратурада одан кейін докторантурада оқуларын жалғастырулары да үлкен рөл атқарады. Түлектердің жұмысқа орналасуы, қызметте көтерілулері ЖОО білім беру сапасы қызметінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді.


«ЖОО-өндіріс» кері байланысты жүзеге асыру үшін түлектер ассоциациясы құрылады. Мәселен, Ұлыбританияның ЖОО рейтингісі төмендегідей параметрлермен анықталады:



Кредиттік технологиядағы бақылау-өлшеу құралдары: тақырып бойынша бақылау сұрақтары, тест, сынақ және емтихан сұрақтары, аралық бақылау тапсырмалары және т.б. Білім беру мониторингі.
Бақылау – бұл педагогикалық басшылықтың және білімгердің танымдық іс-әрекетін меңгертудің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялық-педагогикалық мәні білімгерге дер кезінде көмек беру, олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, білімгерлердің оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру.
Оқу-тәрбие процесінің барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны, білімгерлерді шығармашылық іс-әрекетке ынталандыру және олардың белсенділігін дамытуы тиіс. Бақылау үдерісінде оқытушы білімгерлердің жаңа білімді игеру сапасы бойынша мағлұмат алады.
Бақылау құралдары: тест, бақылау жұмысы, емтихан, сынақ, мемлекетаралық бақылау, олимпиада, байқаулар және т.б. болып табылады. Соңғы кезде студенттердің білім, білік, дағдысын бақылауда көбінесе тест әдісі қолданылады (162-сурет).







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет