К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Білім беру қызметін бағалау көрсеткіштері



бет139/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Білім беру қызметін бағалау көрсеткіштері:

  • оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

  • оқу-тәрбие үдерісінің сапасы;

  • ЖОО-ның бітіруші түлектер сапасы.

Оқу -әдістемелік қамтамасыз етуге жататындар:

  • білім беру іс-әрекетін жүргізуде лицензияның болуы;

  • стандарт талаптарына сәйкес бағалау;

  • мамандық бойынша ОӘК-нің сапасы;

  • стандарттағы пәндер бойынша ОӘК сапасы;

  • инновациялық педагогикалық технологияны пайдалану;

  • білімді бағалау (диагностика, аралық, қорытынды).

Оқу- тәрбие процесіндегі студенттердің білім сапасының көрсеткіштері:

  • түлектер саны (жалпы мамандық бойынша);

  • студенттерді қабылдау және шығару;

  • студент саны (жалпы және 1 оқытушыға шаққанда);

  • қатысу және үлгерім (ағымдық, қорытынды);

  • аттестаттау нәтижесі;

  • мәдениет деңгейі, денсаулық жағдайы.

ЖОО-нын бітірген түлектердің сапасы төмендегідей көрсеткіштермен анықталынады:

  • білім беруді жалғастыру мүмкіндігі;

  • жұмысқа орналасу пайызы;

  • қызметте кәсіби өсу;

  • жарнамалау, жұмыс берушінің бағасы;

  • ЖОО-ның мекеме, өндіріспен байланысы.

Профессорлық-оқытушылық құрамы (ПОҚ). Оқытушы білім беру жүйесінің субъектісі бола отыра, оның сапасын қамтамасыз етеді. Профессорлық-оқытушылық құрамын жақсы жасақтау үшін олардың әлеуметтік мәртебесін көтеріп, еңбекке ақы төлеу деңгейін жақсы жолға қою керек. Профессорлық-оқытушылар құрамына еңбек ақы тағайындалуда міндетті түрде олардың ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жалпы педагогикалық еңбек өтілі, жоғары оқу орнындағы еңбек өтілі ескеріледі.
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, оқытудың әдісі мен технологиясы. Жаңа ғасырда оқытудың дәстүрлі әдісімен қатар, білім беру мен оқытудың инновациялық технологиялары, компьютерлік, мультимедиалық технологиялары пайдаланылады. Сонымен қатар ЖОО-да қашықтықтан және виртуалды оқытуға кең мүмкіндік бар.
Білім сапасы жоғары оқу орны әзірлеген оқу-әдістемелік кешеннің сапасына да байланысты болады. Жоғары оқу орны стандарты бойынша оқу-әдістемелік кешенге оқу жұмыс бағдарламасы, базалық оқулық, пәнді меңгеру мен оқыту бойынша білімгер мен оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулар, білімгерлер білімін бағалауға, тексеруге арналған бақылау тапсырмалары, тест пакеттері, глоссарий, курстық және дипломдық жұмыстар, жобалау бойынша әдістемелік нұсқаулар жатады. Сондай-ақ, білімгерлердің білімін аралық, қорытынды бағалау бойынша мемлекеттік бақылау да жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет