Оқытушы
Білімалушы
Мұғалім
Педагогикалық процестің
құрылымы
Сурет-45. Педагогикалық процестің құрылымы
Педагогикалық процестің негізі тірегі – бұл оқу жəне тəрбие. Педагогикалық процестің құрылымы екі тұрғыдан қарастырылады: педагогикалық процеске қатысушылардың субъективті құрамы; іс-əрекеттік құрамы.
Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі:
ақпараттық – тəрбиеленушіні сауаттандыру;
тəрбиелік – тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі;
дамытушылық – тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі;
аксиологиялық – тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру;
əлеуметендіру – тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу (46-сурет).
Ақпараттық
Тәрбиелік
Педагогикалық
процестің
атқаратын
қызметтері
Дамытушылық
Аксиологиялық
Әлеуметтік бейімдеу
Сурет-46. Педагогикалық процестің қызметтері
Педагогикалық процесс объектінің сапасы, оның қасиеті ретінде көрінеді (47-сурет).
Педагогикалық процестің субъектісі – тəрбиеленуші жəне тəрбиелеушілер. Педагогикалық процесс субъектілерінің өзара байланысты іс-əрекеттерінің соңғы нəтижесі – тəрбиеленушілердің адамзат жинақтаған тəжірибені игеруі.
Достарыңызбен бөлісу: |