Сурет-41. Тұтас педагогикалық процестің басты қасиеттері
42-суретте ғалым Т.А.Стефановскаяның бойынша педагогикалық процестің құрамды бөліктері ашылды.
Педагогикалық процесс – көптеген процестердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні – әлеуметтік тәжірибе қалыптасқан адами санамен байланыстылығы. Тұтастық, жалпылық, бірлік – бірдей мақсатқа бағытталған педагогикалық процестің барлық құраушыларының негізгі сипаттамасы. С.А.Смирнов, И.Б.Котова, Е.Н.Шиянов, Т.И.Бабаева және т.б. ғалымдар педагогикалық процесті көптеген педагогикалық іс-әрекеттер мен құбылыстарды біріктіретін тұтас жүйе ретінде қарастырады: тұтас педагогикалық процесс, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары, тұтас педагогикалық процестің кезеңдері, педагогикалық инновациялар, қазіргі кезең мектебінің мұғалімі.
Педагогикалық процесс – тәрбие процесінің негізгі құрылымдық бірлігі, оның ерекшелігі сол – ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекетінің педагогикалық жүйесін анықтай түседі: егер тәрбие процесі ұғымы тұлғаны қалыптастыратын барлық мақсатты бағытталған әсерлердің жиынтығын өзіне біріктірсе, ал педагогикалық процесс ұғымы алдын ала ұйымдасқан тәрбиелік өзара іс-әрекеттерді бейнелейді.
Педагогикалық процесс білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған мұғалім мен оқушы арасындағы өзара ықпалды қызметті атқарады, яғни педагогикалық процесс – бұл арнайы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.
Сурет-42. Т.А.Стефановская бойынша педагогикалық процестің құрамды бөліктері
Педагогикалық процесс – бірнеше элементтен құралатын жүйе. Педагогикалық процестің 3 құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық. Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат – принциптер – мазмұн - әдістер – құралдар – форма ( 43- сурет).
Мақсат – оқытушылар мен білімалушылар арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер – мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн – мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер – оқытушылар мен білімалушылардың мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-әрекеттері. Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.
Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсінкі, дене мен күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы).
Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарымен көрінеді. Процесс алға басу, жағдай, белгілі бір нәтижеге жетудегі бірізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Мұнда «процесс» деген ұғымның мағынасы «оқытушылар мен білімалушылар» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бірізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуі керек. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтарымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |