К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-94. Тренингтің ерекшеліктері



бет76/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   171
Сурет-94. Тренингтің ерекшеліктері


Тренинг әдістері – үлкен белсенділікті қажет етіп, танымдылық қызығушылықты оятатын ойын әдістері ( 95-сурет).

Сурет-95. Тренинг әдістері

Тренингтік сабақтың соңғы сатысы топтық релаксацияға арналады. Мұнда топтық жұмыс қорытындыланады. Ол әрбір тренингке қатысушының өзінің топтағы іс-әрекеті мен қарым-қатынасын сипаттауы мен алған әсері, нәтижесі бойынша қорытынды жасауы болып табылады.


Жобалау сабағы («проект» деген латын тілінен енген, «алға тасталған ой, алға шығып сөйлеуші») алдын-ала жоспарланған, алдына қойған түпкі мақсаты бар сабақ болып табылады.
Жобалап оқыту технологиясы – латынның «proicere» -жобалау деген сөзінен шыққан: тікелей аудармасы- «жоспарлау», «дайындау» сынды мағынаны білдіреді.
Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ ауыл шаруашылығы мектептерінде пайда болған. Жобалау технологиясының негізін Дж. Дьюи қалады.
Жобалап оқыту технологиясының мақсаты – әрбір студентті өз бетінше ізденіске, өзін-өзі танытуына, танымдық қабілеттерін жүзеге асыруына қажетті мүмкіндіктер ашу.
Бұл жүйенің негізіне Дьюи, Торндайк, Лай сынды американдық ғалымдардың идеялары алынған.
Негізгі идеялар:

  • Бала өзі таңдаған іс-әрекетті үлкен қызығушылықпен орындайды.

  • Іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды.

  • Балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу, соған үйрену.

  • Шынайы оқыту ешқашанда біржақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтер де өте маңызды.

Жобалап оқыту жүйесін қалаушылардың негізгі ұраны: «Барлығы өмірден барлығы өмір үшін». Сондықтан олар танымдық процестер жүретін қоршаған ортаны бастапқы зертхана ретінде қарастырады. Карл Фрей өзінің «Жобалау әдісі» деген кітабында жобалау әдісінің 17 айрықша белгілерін атап көрсетеді.
Жобалау сабағы («проект» деген латын тілінен енген, «алға тасталған ой, алға шығып сөйлеуші») алдын-ала жоспарланған, алдына қойған түпкі мақсаты бар сабақ болып табылады.
96-суретте жобалау сабағының ерекшеліктері ашылды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет