К. Д. Бузаубакова


Педагогикалық жүйенің құрамдары.  Педагогикалық жүйенің жалпы



Pdf көрінісі
бет101/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Педагогикалық жүйенің құрамдары.  Педагогикалық жүйенің жалпы 
белгілері.  Педагогикалық  іс-әрекеттің  мақсаты  (түлектің  мінсіз  бейнесі) 
жүйеқұраушы 
құрылым 
ретінде. 
А.И.Щербаков 
пен 
А.В.Мудрик 
«педагогикалық  іс-әрекет»  ұғымына    төмендегідей  анықтама  береді: 
«Педагогикалық  іс-әрекет  –  бұл  кәсіби  мақсаты  өскелең  ұрпақты  тәрбиелеу 
болып табылатын қоғамның ересек мүшелерінің іс-әрекеті».   
Педагогикалық  іс-әрекет  дегеніміз  –  жеке  тұлғаны  дамытуға  және 
қоғамдағы  әлеуметтік  орнын  анықтау  үшін  жағдай  жасауға  адамзаттың  
ғасырлар  бойы  жинақтаған  өмірлік    тәжірибесі  мен   мәдениетін    аға  ұрпақтың  
жас ұрпаққа беруге бағытталған әлеуметтік іс-әрекетінің  ерекше бір түрі. 
Педагогикалық  әрекеттің    бірінші  компоненті  –  бұл  қоғам 
қажеттілігіндегі    инновациялық  білім,    қоғам  дамуының  тенденциялары, 
адамдарға  қойылатын  талаптар.  Бұл  компонент  педагогикалық  әрекеттің  
мазмұны, тапсырмалары, мақсатын анықтайды. 
Екінші  компонент  педагогикалық  әрекеттің  мақсатын  анықтайды: 
жеткіншек  ұрпаққа  берілетін  адамзат    тәжірибесіндегі    қоғамдық  қарым- 
қатынастар, мәдениет,  әртүрлі ғылыми білімдер,  технология.  
Үшінші  компонент  –  бұл  арнайы    педагогикалық  білім,  кәсіби  тәжірибе 
және шеберлік пен құзыреттілік. 
Педагогикалық  іс-әрекет  аясында  мұғалім  оқушымен  қарым-қатынас 
процесінде  ғылымды  байланыстырушы  рөлін  атқарады.  Мұғалім  білім  бере 
отырып,  ұжымдық  субъектілердің  іс-әрекетін  жеке  субъектілердің  жеке  іс-
әрекетіне  айналдыру  процесін  ұйымдастырады  және  жеке  тұлғаның 
қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.  
Педагогикалық 
іс-әрекетті 
зерттеушілер 
оның 
құрылымында 
төмендегідей функционалдық элементтері бар жүйе ретінде қарастырады:  
1)  педагогикалық өзара  іс-қимыл  субьектісі  мен  обьектісі,  олармен  бірге 
іс-әрекеті, оқыту мақсаты және қатынас жасау құралдары; 
2)  оқушы  мен  мұғалім,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  мақсаты,  мазмұны,  
педагогикалық процесс  пен оны ұйымдастыру түрлері; 
3) педагогикалық ықпалдың мақсаттары субьекті мен обьектісі, мазмұны 
мен құралдары, нәтижелері, педагогикалық рефлексия (24-сурет). 
Педагогикалық  іс-әрекет    педагогтың  білім  мазмұны  мен  оқушылардың 
іс-әрекетін  ұйымдастырудағы  белсенділігі,  ол  адамның  жеке  тұлға  ретінде 
қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет