Мектептерде тәрбие жұмысының педагогикалық талдауы Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының ең маңызды
жұмысының бірі-тәрбие процессін және оның нәтижесін талдау болып
табылады ( 16-кесте).
Тәрбие жұмысының педагогикалық талдауы 1) Жеке оқушының және ұжымның қысқаша мінездемесі: - оқушылар және олардың отбасы жайлы жалпы мәлімет;
- оқушылардың танымдық және қоғамдық іскерлігі;
- ортақ іске жауапкершілігі;
- өзінің тәртіптілігі;
- туындаған қиындықтарды жеңе білуі;
- мектепте және қоршаған ортадағы мәдениеттілігі, парасаттылығы,
еңбексүйгіштігі;
- мемлекеттік рәміздерді, заңды сыйлауы.
2) Өткен жылда қойылған тәрбие мақсаты мен міндеті (орындалмауларының себебі).