162
9) Жағымды лидерлерді, үздік оқушыларды анықтау, олардың беделін
көтеру, тұлғалық сапаларын даралап көрсету.
10)
Ұжымның қызметін ұйымдастыруда төмендегідей шарттарды
есепке алу:
оқушылардың қызығушылығын, ішкі сезімдері мен көңіл-күйлерін
тұрақтандыру мақсатында іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыруда аздаған
үзілістердің болуын қарастыру;
оқушылардың өміріндегі күнделікті оқиғаларға әсер етпейтіндей іс-
әрекеттің қарапайым формаларының сақталуын қадағалау;
іс-шараны өткізуде оқушылардың міндеттерін дәл, нақты анықтау;
әр істің оқушылардың өзара қатынасының дамуына және рухани өсуіне
қажетті тәрбиелік бағыты болуын басты назарда ұстау;
сынып іс-әрекетін тұлға дамуының факторы ретінде қарастыру;
оқушылардың дербестігі мен құлшынысын тірек ету.
11. ”Cынып – тұлға ”өзара қатынасының іске асуы –төмендегідей негізгі
ережелердің сақталуын талап етеді:
оқушылардың өзара сыйластық пен мейірімділікке, сенімге
негізделген ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;
сынып жетекшілері мен оқушылардың біріккен қызметін
ұйымдастыру;
педагогты қоғамның рухани құндылықтарын өркендетуші ретінде
қарастыру;
педагог пен оқушының субьект-субьект іс-әрекетін ұйымдастыру;
оқушылардың зердесі мен эмоционалды іс-әрекеттерін ынталандыру
үшін педагогтер іс-әрекеті мазмұнды болуы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: