Лайман Портер мен Эдвард Лоулер күту теорясы. Күту (үміттену)
теориясының негізгі моделі бойынша адам өзінің таңдап алған іс-әрекетінің
тілек етілген нәтижесіне жеткізеді деп үміттенеді.
Күту – белгілі бір оқиғаның ықтималдылығын жеке тұлғаның
бағалауы.Күту (үміттену) теориясы үш өзара байланыстың маңыздығын
көрсетеді: еңбек шығыны – нәтижелер; нәтижелер – марапаттау; марапаттау –
валенттілік (марапаттауға қанағаттану). Л.Портер мен Э.Лоулер күту теориясы мен әділеттілік теориясының
элементтеріне қарай отырып, мотивацияның кешенді процессуалдық теорясын
жасап
шығарады.
Олардың
үлгісінен
бес
өзгергіштерді атауға болады:
1)
жұмсалған күш-жігер;
2)
сезіну;
3)
алынған нәтижелер;
4)
марапаттау;
5)
қанағаттану дәрежесі.
29
2-кестеде Ф. Герцбергтің екі факторлы теориясының мәні ашылды.