Агробизнесті
ұйымдастырудағы
менеджмент,
маркетинг принциптері мен əдістері
225
9.1
Агробизнесті ұйымдастыру кезіндегі Менеджмент және
Маркетинг негіздері
225
9.1.1
Агробизнесті ұйымдастырудағы менеджмент, маркетинг
принциптері мен әдістерін талдау
227
9.1.2
Агробизнесті басқарудың инновациялық әдістері
229
9.2
Маркетингтік әзірлемелер және зерттеулер, деректерді
статистикалық талдау
231
9.2.1
Менеджмент әдістерін практикада енгізу және қолдану
тиімділігі
233
9.2.2
Өндіріске
қолайлы маркетингтік әзірлемелер мен
зерттеулер жасау
234
9.3
Агробизнесті ұйымдастыру
237
9.3.1
Агробизнесті мемлекеттік реттеу
238
9 бөлім бойынша бақылау сұрақтары
248
10 бөлім. Өндірісті кешенді экономикалық талдау
249
10.1
Кәсіпорындардағы экономика негіздері
249
10.1.1
Кәсіпорын экономикасын жүргізу негіздері
253
10.1.2
Кәсіпорындағы экономика тиімділігін талдау
254
10.2
Кәсіпорынның нарықтағы экономикалық талдауы
256
10.2.1
Шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау
263
10.2.2
Экономикалық нарық деректеріне сәйкес кәсіпорынды
экономикалық талдау
267
10 бөлім бойынша тест сұрақтары
272
Глоссарий
274
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
277
Қосымшалар
280
6
АЛҒЫСӨЗ
Жемістер мен көкөністерді сақтау және өңдеу ауыл шаруашылығының
маңызды салаларының бірі болып табылады, өйткені адамның жыл сайынғы
рационында жаңа піскен және өңделген жемістер, көкөністер болуы тиіс.
Сондықтан осы саланың басты міндеттерінің бірі - халықты жыл бойы
сапалы жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылады.
Республика халқын картоппен, көкөністермен және жемістермен жыл
бойы қамтамасыз ету - маңызды ұлттық экономикалық міндет болып
табылады, оның шешімі негізінен осы өнімді өндірудің, сатып алудың және
сатудың көлемі мен құрылымымен анықталады.
Адамның қалыпты өмір сүруі үшін картоп пен жеміс-көкөніс өнімдерін
тұтыну олардың құрамындағы дәрумендердің, көмірсулардың, минералды
заттардың, ақуыздардың және т. б. жоғары болуына байланысты өте
маңызды. Бұл заттар картоп, жемістер мен көкөністерде оңай сіңетін түрінде
болады, сонымен қатар жеміс-көкөніс өнімдері жоғары дәмге ие.
Жеміс-көкөніс өнімдерін жыл мезгілдеріне сәйкес біркелкі жеткізу оны
ұзақ уақыт сақтаудың жақсы орнатылған жүйесі жағдайында, сондай-ақ
консервілеу кезінде ғана мүмкін болады.
Жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу бірыңғай
технологиялық процесс болып табылады.
Қазіргі уақытта өркениетті мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық
дамуының анықтайтын халықаралық стандарты, оның халқының өмір сүру
деңгейі болып табылады, оның негізгі көрсеткіші өмірлік маңызды
тағамдарды тұтыну деңгейі болып табылады және көкөністер мен жемістерді
тұтыну маңызды орын алады.
Оқу құралында картопты, жемістер мен көкөністерді сатып алуды,
сақтауды, өңдеуді және сатуды ұйымдастырудың негізгі мәселелері
сипатталған, жемістер мен көкөністерді жинау, сақтау және өңдеудің
материалдық-техникалық базасы қарастырылған, сонымен қатар бәсекелестік
жағдайында сатып алу ұйымдарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік
беретін картопты, жемістер мен көкөністерді жинау мен сатуды
ұйымдастыруды жетілдірудің негізгі жолдары анықталған.
Оқу құралында практикалық жұмыстарды өз бетінше орындаудың
негізгі әдістері ұсынылған, мақсаты анықталған, оларды жүзеге асырудың
теориялық негіздері көрсетілген.
Осы оқу құралы бойынша оқыту нәтижесінде білім алушылар
өндірістік-технологиялық міндеттерді, техникалық-экономикалық есептерді
орындау, Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау және қайта өңдеу процестерін
ұйымдастыруда шикізат, материалдар мен дайын өнім шығынын есепке алу
үшін қажетті білім алады.
|