К. Е. Раманкулова, А. М. Омаралиева, И. Килибаев


Камера-жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауға арналған, микроклиматты  сақтау жүйесімен жабдықталған оқшауланған бөлме. Қабылдау бөлімшесі



Pdf көрінісі
бет9/174
Дата28.09.2022
өлшемі6,33 Mb.
#40700
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   174
Байланысты:
tutorial 604

Камера-жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауға арналған, микроклиматты 
сақтау жүйесімен жабдықталған оқшауланған бөлме.
Қабылдау бөлімшесі қалқаның астында (түсіру рампасының жанында) 
орналасады және өнімді көліктен түсіру, оны өңдеуге және сақтауға беру 
үшін қызмет етеді.
Тауарлы өңдеу цехында (бөлімшесінде) жемістер мен көкөністерді 
жинаудан кейін және босатудан бұрын өңдеу жүргізіледі.
Экспедиция дайындалған өнімді жинау және тұтынушыларға жіберу 
үшін қажет.
Қосалқы мақсаттағы үй- ғимараттарға мыналар кіреді:

желдету жабдықтарын орналастыруға арналған желдету
камералары;

газ орталарын құру және ұстау бойынша жабдықтармен
жарақтандырылған газ орталы станциясы;

электр қуатты шкафтары бар қалқанды;

автоматты басқарудың Бақылау-өлшеу аспаптары бар қалқан;

өнімді өткізу, инженерлік коммуникациялар мен технологиялық
жабдықтарды орналастыру үшін қызмет ететін жүк дәлізі;

ыдыс, қосалқы материалдар және дайын өнім қоймасы.


11
1 тапсырма. Бақылау сұрақтарына жауаптар. 
1. Кәсіпорынның ерекшеліктері қандай және олар өнеркәсіптік 
кәсіпорындардың тиімділігіне қалай әсер етеді?
2.
Өнеркәсіпте автоматтандырылған өндіріс жағдайында өндірістік 
процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері. 
3.
Өндіріс процесі дегеніміз және оның құрылымы туралы түсінік?
4.
Өнеркәсіп
кәсіпорындарының негізгі цехтарында өндірістік 
процестерді ұйымдастырудың ерекшеліктері қандай? 
5.
Өндірістік процестерді ұйымдастырудың қандай принциптерін білесіз? 
6.
Неліктен өндіріс процесінің құрылымын жетілдіруге тырысу керек? 
7.
Өндірісті ұйымдастыру әдістерін таңдауға қандай факторлар әсер 
етеді? 
8.
Жемістер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу кәсіпорындарының 
өндірістік процесі мен құрылымының ерекшеліктері.
9.
Жеміс-көкөніс қоймаларының жіктелуі. 
10. Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауға арналған кәсіпорындар ғимараттары 
мен үй-жайларының түрлері мен мақсаты.
2 тапсырма. Оқу материалының негізінде келесі 
факторларды анықтаңыз:

Мерзімді басылымға сәйкес немесе өндірістік 
тәжірибеден өту материалдары бойынша кәсіпорынның цехтары мен 
учаскелерін шикізатпен және материалдармен қамтамасыз етуді 
ұйымдастыруды сипаттаңыз.

Осы кәсіпорынды шикізатпен және негізгі материалдармен 
жабдықтауды ұйымдастыру деңгейін талдаңыз және жабдықтау бөлімінің 
жұмысын жақсарту жолдарын ұсыныңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет