1 – тапсырма. Үлгі бойынша көрсетілген әріп элементтерін, сөздерді байланыстырып жазуға ұсынылады.
2 – тапсырма. Төмендегі қарамен жазылған сөздерден бастап, сөйлем құрастырып жазуға беріледі.
1. адамдар, ертеде, сиямен, тек, жазды, қара
2. майдан, күйеден, жасады, оны, және
3. бояулар, қазір, алады, сиядан
4. сияның, бар, түстері, әртүрлі
3 – тапсырма. Венн диаграммасы арқылы әріптердің ерекшеліктерін салыстыру.
4 – тапсырма. Өлеңді көшіріп жазу. Тыныс белгілерден кейін жазылатын сөздердің арақашықтығын сақтауға үйрету.
Мұнай – елдің дәулеті,
Мұнай – елдің байлығы.
Мұнайшылар әулеті,
Білмейді мұң-қайғыны.
Сабақты қорытындылау: «Кім шапшаң?» ойыны арқылы тез, анық жауап берген оқушы «шапшаң оқушы» есімін алады.
Үнді, дауыссыз, екі элементті әріп - ------------------------------------
Алма да бар, алша да жоқ. әріп------------------------------------------
Екі элемент біріккен әріп--------------------------------------------------
Үйге 5 – тапсырма. «Мереке» сөзіне сөзжұмбақ түзу.
Бағалау: Сабақ барысында белсенділік танытып, көркем жазған оқушыларды салыстырмалы түрде мадақтау.
16 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Н н, Кк, әріптерінің элементтерін жазу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Нн, Кк, әріптерінің элементтерін жазуға үйрету. Жазу тілі, жазу мәдениеті туралы білімдерін жүйелі қолдануға дағдыландыру.
Дамытушылығы: Сабақ барысында ойын жаттығулары арқылы қабылдау, есте сақтау, ойлау сияқты психикалық қызметтерін дамыту.
Тәрбиелігі: Ұжымда өзін-өзі басқара білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, СТО технологиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |