І- топ. Мәтінді мәнерлеп оқиды.
ІІ- топ. Мәтіннің мазмұнын ашады.
ІІІ- топ.Мәтіндегі азат жол, тыныс белгілер, Ии әрпінің жоғары, төмен байланыстары бойынша түсініктерін айтады.
Жаңа білімді меңгерту. П, Т әріптерінің элементтерін жазу.
Қызығушылықты ояту «Бұзылған телефон» ойыны арқылы бір оқушының құлағына «парасаттылық» сөзі сыбырлап айтылады да, ең соңғы оқушыдан не ұққаны сұралады. Сөзді дұрыс айтса мадақталып, қателік жіберсе көпшіліктің тілегін орындау қажеттігі ұсынылады.
Ал, бүгін осы сөздегі П, Т әріптерінің элементтерін жазатындығы таныстырылады. П мен Т әріптерінің элементтері ұқсастығы жағынан бір топта болғандықтан жазылу ережесі де бірдей орындалады.
Сергіту сәті Піл-ау, зілдей денеңді (Құлаштарын созып аяқтарын қозғайды)
Шаршадың ғой ауырлап (Екі қолды төменге түсіріп денені еркін ұстайды).
Тынықсаңшы сен енді (Партаға отырады),
Біраз жерді бауырлап (Партаның үстіне бастарын қойып, көздерін жұмады).
1 – тапсырма.Үлгіге қарап, әріп элементтерін байланыстара жазуға ұсыну
2 – тапсырма. Сызықты пайдаланып өлеңді толықтыру.
шопан бүрін қорғайды,
шағала гүлін қорғайды,
ара балын қорғайды.
терек көлін қорғайды,
тікен төлін қорғайды.
егінші жерін қорғайды,
жігіт елін қорғайды
3 – тапсырма. Мәтінді көшіріп жазу арқылы әріптер, сөздер мен сөйлемдер арасындағы ара қашықтықты сақтауды, үзіліссіз жазуды меңгерту.
Таудың табиғаты тамаша. Пернегүл, Перизат табиғатты тамашалап, таңқурай терді. Ашық аспанда күн күлімдеп тұрды. Қыздар үйге қайтты.
4 – тапсырма.Жұмбақтардың шешуін тауып, көшіріп жазуға ұсынылады.
1) Әдепте бар,
Әдетте жоқ.
Шешуі: -----------------------
2) Бәрі сұрақ қаптаған,
Жөн бе жауап таппаған?
Ал, айта ғой тұрады
Әр ай неше аптадан?
Шешуі: ------------------------