Таңдау курсының мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
Оқушының әсемдік сезімін оята отырып, мінез-құлқын
тәрбиелеп, ұқыптылық пен тазалыққа, жауапкершілікке баулиды.
Міндеттері:
Білімі мен білігі бойынша:
«Көркем жазудың» бастапқы негіздерімен танысу;
Графикалық белгілерді есте сақтау;
Жазу тәртібін меңгеру;
Жазу нормативтеріне бағыну;
Қатесіз және жатқа жазу;
Уақытты дұрыс үнемдей білу.
Дағдылары бойынша:
Графикалық қателерді көру және жөндеу жолдарын табу;
Әріптер мен сөздер арасындағы қажетті пропорцияларды сақтау;
Сөздер арасындағы қашықтықты сақтау;
Әріп элементтерінің жазылу алгоритмін, әріптер мен әріптердің байланыстырып жазу;
Жазу жылдамдық нормаларын орындау, баспа мәтінінен көшіріп жазу және жай сөздерді жатқа жазу.
Таңдау курсын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар
Оушы білуі керек:
Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болуы;
Әріптердің биіктігі біркелкі болып шығуы;
Әріптердің негізгі элементтерінің біркелкі келбетпен жазылуы;
Сопақша және жарты сопақша құрсау түріндегі әріп элементтерінің, сондай-ақ қисық, түзу сызықтан құралатын әріп элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастырылмай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы;
Әріптердің кескіні қабылданған үлгіге сәйкес дұрыс жазылуы;
Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы.
Оқушы көркем жазу таңдау курсында әсемдікті сезінумен бірге,
өз бетінше ізденуге, салыстыруға, еркін пікірлеуге үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |