Мектеп ішіндегі бақылау
Мектеп ішіндегі бақылау – күрделі де көп жақты процесс, ол да барлық тұтастықтар сияқты заңды тәртіп ретінде бір-бірімен тығыз байланысты және әрқайсысы белгілі бір қызмет атқаратын бөліктердің тұтастығынан тұрады.
Мектеп ішіндегі бақылау жүйесі белгілі бір дидактикалық талаптарға негізделеді. Бақылаудың мазмұны мен әдістері- не деген бұл талаптар үйлесімді, басқару қызметін жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтайды. Қазіргі зерттеушілер бақылауға төмендегідей дидактикалық талап- тар қояды:
Бақылау мазмұнының бағдарламалық талаптарға сәйкес болуы. Егер талаптар төмен болса, білім беру деңгейі де төмен- дейді; ал талаптар жоғары болған жағдайда оқушыларға шамадан тыс салмақ түседі.
Алдыңғы ақпарат мазмұны объективтілігімен анықталады.
Оқушылар дайындығының негізгі элементттеріне талдау жасау қажеттігі.
Бақылау шапшаңдығы, жүйелілігі мен жариялылығы.
Бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестіру.
Алынған ақпарат көлемі бойынша бақылаудың келесі түрлерін ажыратуға балады:
– жаппай бақылау, мұғалім мен оқушының жұмыс жүйесінің негізгі компоненттері зерттелінеді;
– тақырыптық бақылау, кез келген процестің бөлігі болып ке- летін мәселенің талдауымен байланысты.
Мектеп ішіндегі бақылаудың белгілі бір формалары бар жә- не ол тиісті әдістер арқылы жүзеге асырылады. Бақылау әдістері мен формаларының алуантүрлілігі оның объективтілігін артты- рып, әрбір мұғалім мен тұтас педагогикалық ұжым іс-әрекеті- нің ұжымдық бағалауы үшін жағдай жасайды. Бақылаудың әрбір формасының мақсаты болуы керек, ол оқу-тәрбие жұмысының әртүрлі кезеңінде пайда болуы мүмкін қиыншылықтардың алдын алуға жағдай жасауы тиіс.
Мектеп ішіндегі бақылау жүйесіндегі педагогикалық процес- тің жай-күйін зерттеу келесі мәселелерді тексеруді керек етеді: мектеп жасындағы балалардың барлығына толық білім беру тура- лы белгіленген талаптарды орындау; мемлекеттік оқу бағдарла- маларын толық көлемде орындау; оқушылардың білім, білік және дағдыларының деңгейі (тексеру жұмыстары негізінде анықтала- ды); оқушылардың тәрбиелік деңгейі.
Аталып кеткен қорытындыға байланысты мектеп құжаттама- сын жүргізу, оқытудың тәрбиелік сипатының болуы, сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстардың сапасы, барлық оқушылардың үйлесімді ақыл-ой және жекелік дамуын қамтамасыз ететін оқы- ту процесінің даралануы (мектеп психологының қатысуымен жүргізіледі) тексеріледі.
Оқыту процесінің құрамды бөлігінің бірі болып келген оқу- шылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсаты – оқу- шылардың оқу жұмысын бақылау мен олардың үлгерімін есеп- теу. Мұғалімге оқушылардың білім, білік пен дағдыны толық жә- не сапалы түрде меңгеру аз.
Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтап, мұға- лім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практи- калық жұмыс тәсілдерін үйретеді. Білім сапасына ерекше мән беріледі, ол мына қасиеттермен сипатталады: білімнің толық- тығы мен ғылымилығы – белгілі бір оқу пәнінің мектеп бағдар- ламасына сәйкес өзегі болатын негізгі мағлұматтар, түсініктер мен ұғымдар, ережелер, заңдар, теориялар: білімдерді меңгеру саналылығы – оқушының ғылыми заңдар негізінде фактілерді, құбылыстарды, материалдық әлем заттарын түсіндіре алуы, бі- лімдерді ұқсас жағдайларда қолдана алу және білімдер мен іс- әрекет әдіс-тәсілдерін жаңа жағдайларға көшіре алуы; білімдер жүйелілігі – жаңа түсініктер мен ұғымдардың оқушы санасын- дағы бұдан бұрын игерген білімдермен тығыз байланысы; бе- ріктік – жинақталған білім саны мен іс-әрекет әдіс-тәсілдерінің оқушы есінде сақталуы.
Оқушылардың оқуға қатынасы, дербестік, еңбекқорлық, ынта- лылық, берілген тапсырманы дер кезінде орындау мен оның сапа- сына деген жауапкершілік сияқты оқушы жеке тұлғасының басты қасиеттерінің қалыптасуы оқушылардың білімін тексеру мен ба- ғалау қалай жүргізілгеніне байланысты.
Осылайша, тексеруге тек бақылаушылық қана емес, сонымен қатар тәрбиелеушілік және дамытушылық кызметтері де тән.
Достарыңызбен бөлісу: |