К. Ж. Қожахметова


Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік



бет74/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік


Диалектиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілде өзара шарттастық сияқты өзара қарым-қатынаста болатын қарама-қар- сы жақтардың қарама-қайшылықты бірлігі болып табылады. Бел- гілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп со- ғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылық- тарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықта- рымен сипатталады. Практик мұғалімдер оқу процесінде қарама- қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады.


Белгілі дидакт М.А. Данилов оқу процесінде объективті түр- де пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табы- латын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және прак- тикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының дең- гейі арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге қарама-қай- шылықтың, қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыпта- суы болып табылады. Осы көрсетілген қарама-қайшылықты ше- шудің мәні әрбір адамға қоршаған ортаны танып білуіне, өзінің

тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмек- теседі. Сондықтан оқушыны оқу барысында туындаған қиыншы- лықтарды, кедергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшылықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқын- дауда және оларды қолдана білуде жетекші рөл атқарады.


Басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесін- де жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде студент өзінің қалып- тасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықтарына кездесіп отырады. Қарама-қайшылық «оқушы (адам)» жүйесінде пайда болып «адам-адам» жүйесінде, яғни педагогикалық процеске қа- тысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі. Оқу-тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқу- шыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиын- шылықтарды, кедергілерді жою үшін оларға ұстаз көмегі мен құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажет болғандықтан ұстаз- дың оқушымен және бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушы өзін өзін-өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толық- қанды дамуы үшін мұндай өзара әрекеттестік қажет. Осылайша, іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлға дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым-қатынас, өзара әре- кеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғы-
мын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе, оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсен- ді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын олардың арасындағы жақын қарым-қатынас, жалпы үлгерімі бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылық- тармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар, жасалатын қарым- қатынастың зерделенетін объектілері тұрғысындағы әртүрлі қи- мыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыс- тарға жатқызады. Жалпы, ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастық- пен, қарым-қатынаспен байытуда.
Оқу танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере оты- рып төмендегідей ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің, өзіндік

және біріккен іс-әрекеттерінің төмендегідей белгілерін көрсе- туге болады:


– бірыңғай мақсаттың, жалпы мотивтің болуы студенттің қо- ғамдық маңызды мақсатқа жетуі үшін ұжым мүшелерінің күші- нің біріктірілуі қажеттігін түсінуі;
– ұжымның әрбір мүшесінің білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқу- шыларға тиімді бөлініп берілуі;
– іс-әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауап- кершіліктің және тәуелділіктің пайда болуы;
– бірігіп жұмыс істеу барысында іс-әрекеттерін басқарудың ұжым мүшелерін өздерінің кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;
– бірыңғай кеңістіктің болуы және ұжымның барлық мүшеле- рінің жеке іс-әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;
– жалпы нәитжелердің болуы.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет