187
3. Жоғарғы жақсүйектің бөліктері, олардың құрылысы.
4. Мұрын кеуілжірлерінің, соқаша сүйектің құрылысы.
5.
Тұмсық сүйектің құрылысы, оның жануарлар түрлеріне байланысты
ерекшеліктері.
6. Бет, таңдай сүйектерінің құрылысы.
7. Төменгі жақ сүйектің бөліктері, олардың жануарлар түрлеріне байланысты
құрылыс ерекшеліктері.
8. Тіласты сүйектің құрылысы, жануарлардағы ерекшеліктері.
9.Тақырып мөтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды
жаттаңыз.
ШЕТКІ ҚАҢҚА
Жануарлар қаңқасының шеткі бөлімін алдыңғы жəне артқы аяқтардың
қаңқа сүйектері құрайды. Аяқтардың қаңқа сүйектері тіректік қызметпен
қатар, бір-бірімен өзара қозғалмалы байланысып, жануарлар денесінің
кеңістіктегі қимыл-қозғалысын, сондай-ақ, секіру, жүгіру, өрмелеу кезіндегі
дене қимылының серпімділігін қамтамасыз етеді.
Құрлықта
тіршілік
ететін
жануарлардың
аяқтары
жануарлар
филогенезінде, олардың ертедегі суда тіршілік еткен ата тектерінің көкірек
жəне құрсақ жүзу қанаттарынан дамып жетілген.
Достарыңызбен бөлісу: