186
атайды. Бұтақтың ішкі бетінде төменгі жақ сүйек тесігі көрінеді. Ол төменгі
жақ сүйек өзегі арқылы иек тесігімен жалғасады. Бұтақтың дорсальды ұшын
төменгі жақ сүйек ойығы (incisura mandibulae)
ет өсіндісіне (processus
muscularis) жəне
айдаршық өсіндісіне (processus condylaris) бөледі. Ет
өсіндісіне самай бұлшық еті бекиді. Айдаршық осіндісі самай сүйектің бет
өсіндісі буын төмпегімен байланысып,
самай- төменгі жақ буынын
құрайды.
Төменгі жақ сүйектің сыртқы бетінде үлкен шайнау бұлшық еті бекитін
ойыс (fossa masseterica), ал ішкі бетінде қанатша бұлшық еті бекитін ойыс
(fossa pterygoidea) болады.
Тіласты сүйек (подъязычная кость) — os hyoideum — самай сүйегі
дабылдық бөлігі бізше өсіндісімен байланысып, жақаралық кеңістікте
орналасқан тақ сүйек. Ол тілдің қаңқасын құрайды. Тіласты сүйек
тіласты
сүйек денесінен (corpus hyoideum s basihyoideum),
үлкен мүйіздіктерден
(thyreohyoideum) жəне
кіші мүйіздіктерден (keratohyoideum), бунақтардан
құралған
бұтақтардан тұрады. Тақ сүйек денесінен (базигиоид) алдыңғы
бағытта тіл
өсіндісі (processus linqualis) шығады. Бұл өсінді
шошқа мен
итге
болмайды. Дененің екі ұшынан артқа қарай көмекейдің қалқанша
шеміршегімен байланысатын оң жəне сол үлкен мүйіздіктер (тиреогиоид)
шығады. Денеден дорсальды бағытта оң жəне сол кіші мүйіздіктер
(кератогиоид) көтеріліп, тіласты сүйек бұтақтарымен байланыс түзеді.
Аталған бұтақтар өз кезегінде кіші мүйіздікпен жалғасатын
дистальды
немесе
эпигиоид (epihyoideum), ортаңғы немесе стилогиоид (stylohyoideum)
жəне самай сүйегі дабылдық бөлігімен байланысатын шеміршекті
Достарыңызбен бөлісу: