артқы жіліншік майтабаны (torus metatarseus) жəне тұяқ (саусақ)
майтабаны болып бөлінеді. Итте аталған майтабандардың барлығы жақсы
жетілген. Олар башпай майтабандары — деп аталады. Жылқыда тұяқ
майтабаны өте жақсы жетілген, ал қалғандары мүйізді қалдық ретінде қалған.
Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада тұяқ майтабаны ғана болады.
127 - сурет. Жылқы бақайының сагиттальды кесіндісі I — тұяқ көбесі, II —
Тұяқ (ungula) теріден дамыған аяқтардың мүйізделген мүшесі. Ол аяқ
ұшындағы тері эпидермисінен жетіледі. Тұяқ төрт бөліктен: тұяқ көбесінен,
тұяқ жұлығынан, тұяқ қабырғасынан жəне тұяқ ұлтанынан тұрады.
Тұяқ көбесі (limbus ungulae) терінің мүйіз тұяққа бітетін жеріндегі ені
0,5 см аралық. Ол тері сияқты эпидермистен, дермадан жəне шел қабатынан
тұрады. Тұяқ көбесінің эпидермисінен мүйіз тұяқтың сыртқы жылтырауық
қабаты жұқа жылтыр мүйіз глазурь бөлінеді.
Тұяқ жұлығы (corona ungulae) тұяқ көбесінен төмен орналасқан, ені 1,5
см тері бөлігі. Ол мүйіз тұяқтың ішкі бетінің жоғарғы жағындағы ойысқа
жарты сақинаша түрінде жанасып жатады. Тұяқ жұлығы да эпидермистен,
255
дермадан жəне шел қабатынан құралған. Оның эпидермисінен мүйіз тұяқ
қабырғасының негізін түзетін түтікше мүйіз бөлінеді.
Тұяқ қабырғасы (paries ungulae) тек екі қабаттан: эпидермистен жəне
дермадан тұрады. Шел қабаты болмағандықтан, дерма тұяқ сүйектің
сүйекқабымен қосылып бірігіп кетеді. Тұяқ қабырғасы эпидермисінен мүйіз
тұяқтың ішкі жұмсақ ақ жапырақша мүйізі бөлінеді. Бұл мүйіз тұяқтың
ұлтаны жағынан тұяқтың ақ сызығы түрінде көрінеді.
Тұяқ ұлтаны (solea ungulae) да эпидермистен жəне дермадан тұрады.
Тұяқ ұлтанының дерма қабаты тұяқ сүйектің сүйекқабымен бірігіп кеткен.
Шел қабаты болмайды. Тұяқ ұлтанының эпидермисінен мүйіз тұяқтың
ұлтанының негізін құрайтын түтікше мүйіз бөлінеді.