257
эпителиймен, ал зат алмасу процесі белсенді жүретін мүшелерде бірқабат
эпителиймен астарланған
2) өзіндік такташа (lamina propria mucosae) қоректендіретін қан жəне
лимфа тамырларына бай борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады;
3) етті тақташа (stratum muscularis) мүшелердің қызметіне сəйкес түрлі
деңгейде, қатпарлы кілегейлі қабықта күшті, ал беті тегіс кілегейлі қабықта
нашар жетілген. Бұл қабатты өз кезегінде бір немесе екі қабатта жатқан
бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері құрайды;
4) кілегейліасты негіз (tela submucosa) құрамында ірі кан жəне лимфа
тамырлары мен лимфа түйіншелері жəне интрамуральды (кабырғалық) жүйке
тораптары болатын борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады.
Ал кейбір мүшелердің кілегейлі қабықтары, мысалы, ауыз жəне мұрын
қуыстары мүшелерінің кілегейлі қабықтары құрылысы жағынан
тері типтес
болып келеді. Ол тек екі:
эпителий жəне
өзіндік тақташа қабаттарынан
ғана тұрады.
Етті кабық (tunica muscularis) түтікше мүшелердің ортанғы қабығы. Ол
өз кезегінде: ішкі
сақинаша жəне сыртқы
ұзынша (бойлама) қабаттардан
тұрады. Етті кабық қабықтарын негізінен бірынғай салалы ет ұлпасы
құрайды. Тек, дененің сыртқы табиғи тесіктеріне жақын орналасқан
мүшелердің етті қабығы қабаттарын (жұтқыншақ, өңеш, тік ішектің соңғы
бөлігі мен анус, несеп-жыныс кіреберісі т.б.) ерікті жиырылатын көлденең
жолакты бұлшық ет ұлпасы құрайды. Ал тыныс алу түтікше мүшелерінің
(көмекей, кеңірдек, бронхтар) ортаңғы қабықтары - талшықты-шеміршекті
қабықтан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: