К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Шажырқай ішек ілмектерінің аралығында жақсы жетілген. Қарын шажырқайы  үлкен



бет299/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Шажырқай ішек ілмектерінің аралығында жақсы жетілген. Қарын
шажырқайы 


үлкен 

шарбыға
айналған. 
Қарын
мен

бауырды
байланыстыратын вентральды шажырқайдың қалдығынан кіщі шарбы 


дамып жетіледі. Ішкі мүшелер сірлі қабықтары бір мүшеден екінші мүшеге
өткен кезде қос қабаттанып, ішкі мүшелерді бір-бірімен байланыстырып 
тұратын байламдар түзеді. Бұларға қарын мен көкбауырды, бауыр мен
бүйректі байланыстыратын байламдарды жатқызуға болады. 
Жамбас қуысындағы ішперде жатыр, қуық, жыныс мүшелерін белгілі
бір қалыпта ұстап тұратын байламдарды түзеді. Оларға: 1. Жалпақ жатыр 


байламы (ligamentum uteri latum) сірлі қабық жамбас қуысы қабырғасының
екі бүйірінен жатырға екі қабаттанып өтіп, оны куыс ортасында ұстап 
тұрады. Еркек жануарларда бұл байламда шəует жолы мен несепағар
орналасады; 2. бүйірлік куық байламы (ligamentum vesicae lateralis) сірлі 
қабық жамбас куысы қабырғасының екі бүйірінен қуыкқа екі қабаттанып
өтеді де, қуықты жамбас куысы ортасында бекітіп ұстап тұрады. 3. Орталық 


куық байламы (ligamentum vesicae medianum) қуықтан жамбас қуысының
қабырғасына, одан соң құрсақ куысының қабырғасына барып бекиді. 
Жамбас қуысында ішперде сірлі қабығы құйымшақтан төмен иіліп, тік
ішекке өткен жерде, тік ішек маңы шұңқырын (fossa pararectalis), тік 
ішектен жыныс мүшелеріне иіліп үңгіленіп өтіп, тік ішек-жыныс үңгісін
(excavatio rectogenitalis), жыныс мүшелерінен қуыққа өтер жерде қуық-


жыныс үңгісін (excavatio vesicogenitalis), қуықтан жамбас куысының
вентральды қабырғасына иіліп өтіп, шат-қуық үңгісін (excavatio 
pubovesicflis) түзеді.
Құрсақ қуысында жатқан ішкі мүшелердің орналасу орындарын дəл
анықтау үшін, оны 3 бөлімге жəне 10 аумаққа бөледі. Құрсақ куысы өз 
кезегінде алдыңғы, ортаңғы жəне артқы бөлімдерге бөлінеді.
Диафрагмадағы қабырға доғасына жанама жүргізілген жазықтыққа 
дейінгі құрсақ қуысы бөлігін құрсақтың алдынғы бөлімі, қабырға доғасы
мен сербекке жанама жүргізілген жазықтықтар аралығындағы құрсақ куысы 
бөлігін құрсақтың ортаңғы бөлімі, ал сербекке жанама жүргізілген
жазықтықтан жамбас куысына дейінгі құрсақ қуысы бөлігін құрсақтың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет