К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет300/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

артқы бөлімі - деп атайды.


262
Құрсақтың алдыңғы бөлімі (epigastrium) үш аумақтан тұрады. Оның


екі бүйірін оң қабырғаастылық аумақ (rg. hypochondrica dextra) жəне сол 

қабырғаастылық аумақ (rg. hypochondrica sinistra), төменгі жағын

семсерше шеміршек аумағы (rg. xyphoidea) немесе сүріншек аумағы — деп
атайды.

Құрсақтың ортаңғы бөлімі бел омыртқалардың көлденең өсінділеріне


жанама жоғарыдан төмен жүргізілген оң жəне сол жазықтар арқылы екі 
бүйірлік жəне орталық аумақтарға бөлінеді. Орталық аумақтың өзі арқаға
параллельді жүргізілген жазықтық арқылы тең бел жəне кіндік аумақтарына 
ажырайды,
Құрсақтың ортаңғы бөлімі (mesogastrium) төрт аумақтан тұрады.
Оның жоғарғы жағын бел немесе бүйрек аумағы (rg. lumbalis, s. renalis), екі 
бүйірін оң бүйірлік құрсақ аумағы (rg. abdominis lateralis dextra) жəне сол 

бүйірлік құрсақ аумағы (rg. abdominis lateralis sinistra), төменгі жағын

кіндік аумағы (rg.umbilicalis) деп атайды.

Құрсақтың артқы бөлімі (hypogastrium) үш аумақтан тұрады. Оның
төменгі жағын шат аумағы (rg. pubica), ал жоғарғы екі бүйірін оң шап 


аумағы (rg. inquialis dextra) жəне сол шап аумағы (rg. inquialis sinistra)
құрайды. 


132 - сурет. Кұрсақ куысының бөлімдері мен аумақтары А — сол бүйір жағы, Б 

— вентральды жағы, В — аддыңғы бөлім, Г — ортаңғы бөлім, Д — артқы бөлім


1 — сол жəне 2 — оң қабырға асты аумақтары, 3 — семсерше шеміршек аумағы, 4 
— сол жəне 5 — оң бүйірлік аумақтар, 6 — бел аумағы, 7 — кіндік аумағы, 8 — сол жəне
9 — оң шап аумағы, 10 — шат аумағы, а — көкет, б — қабырға доғасы, в — құрсақ 
қуысының алдыңғы жəне ортаңғы бөлімдері аралығына жүргізілген секментальды
жазықтық, г — құрсақ қуысының ортаңғы жəне артқы бөлімдері аралығына жүргізілген 
сегментальды жазықтық, д — жамбас куысының шекарасы, е — жамбас куысы, ж —
көкірек куысы, з — парасагитгальды жазықтықтар, и — олардың каудальды бағыттағы 
жалғасы, к — горизонтальды жазықтық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет