К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


сүйық болады. Сүйықты сірлі қабық мезотелиоциттері бөледі. Құрсақ қуысы



бет298/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

сүйық болады. Сүйықты сірлі қабық мезотелиоциттері бөледі.

Құрсақ қуысы (cavum abdominis) диафрагмадан жамбас қуысы
кіреберісіне дейінгі аралықтағы дене куысы. Құрсақ куысының төбесін бел 
омыртқалары, олардың бұлшық еттері мен терісі, алдыңғы қабырғасын
диафрагма, екі бүйір қабырғасы мен түбін құрсақ бұлшық еттері жəне 
сыртындағы тері құрайды. Құрсақ куысы мен жамбас куысының шекарасын
мықын жəне шат сүйектердің алдыңғы жиектері шектейді. Құрсақ қуысында 
өңеш, қарын, ұйқы безі, бауыр, ащы жəне жуан ішектер, бүйрек, несепағар,
жыныс мүшелерінің көп бөлігі, қан тамырлары, лимфа түйіндері, жүйкелер, 
олардың тораптары орналасады.

Жамбас куысы (cavum pelvis) жамбас астауындағы қуыс. Жамбас
қуысының төбесін құйымшақ, бірінші құйрық омыртқалар, екі бүйірі мен 
түбін жамбас сүйектері құрайды. Аталмыш қуысты түзуге аталған
сүйектердің бұлшық еттері мен байламдары жəне сыртындағы тері жабыны 
қатысады. Жамбас қуысында азық қорыту, зəр бөлу, жыныс мүшелерінің
соңғы бөлімдері орналасады. 
Құрсақ куысы мен жамбас қуысының алдыңғы бөлігінің ішкі бетін сірлі
қабық ішперде (peritoneum) астарлайды. Құрсақ пен жамбас куыстары 
қабырғаларының жəне дифрағманың ішкі бетін астарлайтын ішперденің
сыртқы бөлігін қабырғалық немесе париетальды ішперде (peritoneum 
parietale), ал дене қуыстарындағы ішкі мүшелерді сыртынан қаптап жатқан
оның бөлігін висцеральды ішперде (peritoneum viscerale) — деп атайды. 
Аталған ішперде бөліктерінің аралығында саңылау тəрізді ішперде немесе


261
перитонеальды сірлі қуыс (cavum peritonei), ал оның ішінде сірлі сұйық


болады.

Сірлі қабық туындылары. Париетальды жəне висцеральды ішперде
бөліктері омыртқа бағанының төменгі жағында тоғысып, қос қабаттанады да, 
томен ішкі мүшелерге өтіп, оларды бір-бірімен жалғастыратын сірлі қабық
туындыларын түзеді. Сірлі қабық қабаттары арасындағы борпылдақ дəнекер 
ұлпасы арқылы ішкі мүшелерді қоректендіретін қан мен лимфа тамырлары
жəне жүйкелер өтеді. Сірлі қабық туындыларына ішкі мүшелер 
аралықтарындағы шажырқай (mesenterium), үлкен шарбы (omentum majus)
жəне кіші шарбы (omentum minus), сірлі байламдар (ligamentum), жамбас 
куысындағы үңгілер (excaatio) жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет