К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет296/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   607
түтікше жəне көпірішікше-түтікше бездер болып бөлінеді. Көпіршікше
бездердің соңғы бөлімінің пішіні көпіршік немесе кеңейген қапшық тəрізді 
болып келеді. Көпіршікше бездерге терінің май бездері, шықшыт (құлақ түбі)


259
сілекей безі жатады. Түтікше бездердің соңғы бөлімдерінің пішіні түгік 


тəрізді болып келеді Түтікше бездерге қарын, жалпы ішек, жатыр бездері


жатады. Ал көпіршікше-түтікше бездерге соңғы бөлімдерінің пішіні көпіршік 
жəне түтік тəрізді болып келетін бездер жатады. Бұларға: төменгі жақ жəне
тіласты сілекей бездері жатады. 
Бездерден секрет үш түрлі: мерокринді, апокринді жəне голокринді
жолмен бөлінеді. Мерокринді /эккринді/ секрет бөлу кезінде, безді 
жасушалар гландулоциттер цитоплазмасында түзілген сөл, олардың
плазмолеммалары арқылы диффузды жолмен сүзшіп өтеді. Бөліндіні бөлу 
кезінде гландулоциттердің бүтіндігі бұзылмайды. Сілекей бездері сілекейді
мерокринді жолмен бөледі. Апокринді секрет бөлу кезінде, сөл 
гландулоциттердің жоғарғы бос (апикальды) ұшына жиналады да,
жасушаның апикальды ұшы үзіліп, секрет тамшысына айналады. Секрет 
бөлу кезінде гландулоциттердің бүтіндігі жартылай бұзылады. Апокринді
жолмен тер, сүт бездерінің секреттері бөлінеді. Голокринді секрет бөлу 
кезінде, гландулоциттердің цитоплазмасы сөлге толып, безді жасушалар
толық бұзылып жарылады да, секретке айналады. Голокринді жолмен терінің 
май бездері секреттерін бөледі.
ДЕНЕ ҚУЫСТАРЫ 

Ішкі мүшелер негізінен сірлі қабықпен астарланған көкірек, құрсақ жəне 


сірлі қабықпен жартылай астарланған жамбас қуыстарында орналасады.

Сірлі қабық дене қуыстарының ішкі беттерін астарлаумен қатар, олардың
куыстарында жатқан ішкі мүшелерді де, сыртынан қаптап, дене қабырғасы 
мен ішкі мүшелер аралықтарындағы сірлі қуыстарды түзеді. Оларға:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет