295
эпителий
қабатында,
энтероциттер
аралықтарында
кілегей
бөлетін
біржасушалы бездер — құтыша (бокал тəрізді) жасушалар жəне
биологиялық белсенді затар бөлетін
эндокринді жасушалар кездеседі.
Бірқабатты призма тəрізді эпителий жасушалары негіздік жарғақта
орналасады.
Зақымдалған
эпителий
жасушаларының
орнын
крипта
қабырғадарындағы діңгекті жасушалардан дамыған жас эпителиоциттер
ажастырады. Өзіндік тақташадағы пішіні түтік тəрізді крипталардың
кабырғалары да бірқабатты призма тəрізді эпителиймен қапталған.
Крипталар да ішектің сору ауданын ұлғайтады. Крипталар эпителий қабаты
жиекті (микробүрлерден тұрады) энтероциттерден, жиексіз энтероциттерден,
панет жасушаларынан, құтыша жəне эндокринді жасушалардан құралған.
Жиексіз энтероциттер митоз арқьшы бөлініп көбейіп, діңгекті жасушалар
қызметін аткарады. Панет жасушалары — крипта түбіндегі секрет бөлетін ірі
эпителиоциттер. Олар құрамында ферменттер болатын ішек сөлін бөліп,
қарыннан келген жындағы тұз қышқылын бейтараптандырады.
Кілегейлі қабықтың етті тақташасының өзі ішкі сақинаша жəне сыртқы
ұзынша қабаттардан құралған. Аталған қабаттарды бірыңғай салалы ет
ұлпасының миоциттері түзеді.
Кілегейліасты негіз қан жəне лимфа тамырлары мен жүйке ганглийлері
орналасқан борпылдақ дəнекер ұлпасынан құралған. Он екі елі ішектің (күйіс
жануарларында ұлтабарұшы) кілегейліасты негізінде күрделі тарамдалған,
құрылысы жағынан түтікше келген
дуоденальды бездер болады. Бұлардың
секрет бөлетін соңғы бөлімдері қабырғаларын ақшыл боялған кілегейлі
жасушалар мен сөл бөлетін ірі ядролы күңгірт боялған безді эпителиоциттер
түзеді. Олардың араларында панет, көмкерме, эндокринді, бокал тəрізді
жасушалар кездеседі. Без сөлі құрамыңда көмірсуларды қорытуға қатысатын
ферменттер мен тұз қышқылын бейтараптандыратын қосылыстар болады.
Бездердің шығару өзектерін ұсақ бірқабатты текше немесе призма тəрізді
эпителиоциттер астарлайды. Өзектер сыртынан дəнекер ұлпалық қабықпен
қапталған. Без өзектері крипталар қуысына немесе ішек бүрлері аралығына
ашылады. Аш ішек кілегейлі қабығында, əсіресе, мықын ішекте қорғаныс
қызметін атқаратын көптеген лимфа түйіншелері болады.
Ащы ішектің ортаңғы етті қабығы екі қабатта орналасқан бірыңғай
салалы ет ұлласы қабаттарынан тұрады. Оның сыртқы ұзынша қабаты
жіңішкелеу, ал ішкі сақинаша қабаты қалың болып келеді.
Сыртқы сірлі қабық аш ішек қабырғасының дорсальды бетінде тоғысып,
ішек шажырқайына айналады. Шажырқай борпылдақ дəнекер ұлпалық
аралығы бар екі қабатты сірлі қабықтан түзілген. Шажырқай арқылы ішекке
қоректендіруші қан, лимфа тамырлары жүйке талшықтары келеді.
Достарыңызбен бөлісу: