К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 - сурет. Ащы ішек қабырғасының құрылысы



бет342/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

144 - сурет. Ащы ішек қабырғасының құрылысы 
I — кілегейлі қабық, II — кілегейліасты негіз, III — етті қабық, IV — сірлі қабық. 1 
— бірқабатты призма тəрізді эпителий, 2 — құтыша (бокал тəрізді) біржасушалы без
(кілегей бөледі), 3 — өзіндік тақташа, 4 — ішек бүрлері, 5 — жалпы ішектік бездер 
(крипталар-кірмелер), 6 — етті тақташа, 7 — кілегейліасты негіздегі қан тамырлары,


296
8 — етті қабықтың ішкі сақинаша қабаты, 9 — етті қабықтың сырткы ұзынша 


қабаты. Сірлі қабық екі қабаттан: ішкі — борпылдақ дəнекер ұлпалық қабат, сыртқы —


мезотелий 
(бірқабатты жалпақ эпителий)


ҚАБЫРҒАДАН ТЫС ЖАТҚАН AC ҚОРЫТУ БЕЗДЕРІ 

БАУЫР 

Бауыр (печень) — һераг — организмдегі ең ірі ас қорыту безі.
Эмбриондық кезеңде бауыр əмбебаб қан жасау мүшесі. Эмбриогенездің 
алғашқы кезеңдерінде бауыр он екі елі ішектің төменгі қабырғасындағы
эпителий қатпары ретінде қалыптасып, кейінірек алдыңғы жəне артқы 
бөліктерге бөлінеді. Алдыңғы бөлігінен бауыр, артқы бөлігінен өт қабы мен
оның өзегі дамиды. Бауырдың негізгі қызметі азықтың құрамындағы майды 
қорытуға қатысатын өт бөледі. Ол ішек-қарыннан жиналатын вена қаны
ағатын қақпалак венаның бойында орналасып, қандағы өр түрлі зиянды да 
ұлы азоттық (белоктық) зат алмасу өнімдерін, биогенді аминдерді, дəрі-
дəрмектер қалдыктарын бейтараптандырып, микроорганизмдерді жояды. 
Сонымен қатар, бауырда қан алазмасының белоктары (альбуминдер,
фибриноген, протромбин), ыдыраған эритроциттегі гемоглобиннен өт 
пигменттері түзіледі, жануарлар организміне тəн күрделі көмірсу - гликоген
қор ретінде сақталады. Қан капиллярлары қабырғасындағы тармақты 
макрофагтар (Купфер жасушасы) қанға түскен микроорганизмдерді жəне
басқа да бөгде заттарды қармап, фагоцитоз арқылы жояды. Бауыр 
организмдегі белок, май, көмірсу алмасуларына қатысады. Бауырда
организмдегі қанның 20% -ы қор ретінде сақталады. 
Жануарлардың түрлері мен бауырдың қанға төлу деңгейіне байланысты,
оның түсі қызыл-қоңырдан ақшыл-қоңырға дейін өзгеріп отырады. Бауыр 
құрсақ қуысында, көкеттің артқы бетінде орналасқан. Оның алдыңғы бетін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет