366
ҚАЛҚАНШАМАҢЫ БЕЗДЕРІ
Қалқаншамаңы бездері (glandula parathyroideae) пішіні дөңгелек, не
сопақ келген, сары-қоңыр түсті майда денешіктер. Олар қалқанша безінің оң
жəне сол бөліктері маңында орналасады.
Орналасу орындарына байланысты ішкі жəне сыртқы қалканшаманы
бездері болады. Сырткы қалқаншамаңы безі қалқанша безі сыртқы алдыңғы
жағында, ұйқы артериясының екіге ажырайтын тұсында орналасады. Ол
үшінші желбезек қалташасы энтодермасынан дамиды. Ішкі қалқаншамаңы
безі қалканша бездің ішінде жатады. Ол төртінші желбезек қалташасы
энтодермасынан жетіледі. Без стромасы мезенхимадан дамиды.
Қалқаншамаңы безінің стромасын, оның сыртындагы дəнекер ұлпалық
қапшығы мен паренхима ішіне карай таралған дəнекер ұлпалық аралықтар
түзеді. Ал без паренхимасын пішіні əр түрлі жасушалар бағандары
тармақтарын құрайтын эпителий жасушалары —
паратироциттер жасайды.
Паратироциттер бағандары тармақтарының араларында қан жəне лимфа
тамырлары мен жүйкелер таралатын тым жұқа дəнекер ұлпалық аралыктар
жатады. Жасушалар бағандарында паратироциттердің екі түрі ажыратылады.
Олар: базофилді (негізгі) жəне ацидофилді паратироциттер. Цитоплазма
дəншелері
(мөлшері
150-200
нм)
көкшіл
түске
боялған
негізгі
паратироциттерде белок синтезіне катысатын барлык органеллалар
(гранулалы эндоплазмалык тор, полисома, Гольдж кешені) жақсы жетілген.
Базофилді паратироциттер кальцийдің сүйектен қанға өтуін қамтамасыз
ететін
паратирин
гормонын
(паратгормонды)
бөледі.
Бұл
гормон
кальцитонин гормонының антогонисті, яғни аталған бұл екі гормон
организмдегі кальций алмасуын реттейді. Ацидофилді паратироциттер
ескіріп, қызметін токтата бастаған жасушалар.
Достарыңызбен бөлісу: