К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет427/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

фолликулалы 

эндокриноциттер
немесе

тироциттер
құрайды. 
Аденомерлердің қабыр ғаларындагы тироциттер қалыпты жағдайда
бірқабатты текше (куб) тəрізді эндокриноциттерден тұрады. Олардың сыртқы 
беті негіздік жарғақпен жанасады. Тироциттердің дөңгелек келген ядролары
жасушалар ортасында орналасады. Фолликулдар қуысын қоймалжың зат 
интрафолликулалық коллоид толтырып тұрады. Тироциттер кұрамында йод
элементі болатын тироксин жəне үшйодтиронин гормондарын бөледі. Бұлар 
организмдегі зат алмасудың барлық туріне ықпалын тигізетін тотығу
процесін реттейді. Аталған гормондардың қалыптан тыс көп бөлінуі базед 
ауруының, ал, керісінше, аз мөлшерде бөлінуі миксидема жəне кретинизм
ауруларының əрбуіне əкеліп соқтырады. Өз кезегінде тироциттердің гормон 
түзу қызметіне аденогипофиздің тиротроптық гормоны эсер етеді. Қалқанша
бездің қызметі төмендегенде фоликулдардың диаметрі өсіп, көлемі ұлгайып, 
тироциттердің пішіні жалпақтанады. Ал қызметі қалыпты жағдайдан
күшейсе, онда, керісінше, аденомерлердің көлемі кішірейіп, тироциттер 
призма тəрізді эндокриноциттерге айналады.
Калыцитониноциттер (К - жасушалар) фолликулдар қабырғасында
тироциттер араларында немесе фолликулдардың аралықтарында орналасады. 
Олар тироциттерге қарағанда ақшыл боялады. Азотты қышқыл күміспен
өңдегенде, керісінше, күңгірт тартады. К — жасушалар құрамында йод 
болмайтын, қандағы кальцийдің сүйекке өтуіне əсер етіп, оның қандағы
деңгейін төмендететін кальцитонин гормонын бөледі. Екінші гормоны 
соматостатин дене өсуінің тұрақтылығын реттейді. К жасушаларға гипофиз
гормоны əсер етпейді. 


Ерекшеліктері. Жылқыда без бөліктерінің беті тегіс, ұзындығы 4 см.
салмағы 20-25 г, без мойыншығы нашар жетілген. 
177 - сурет. Жануарлардың қалқанша бездері А — сиыр, Б — жылқы, В — 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет