370
жетіліп, жүрек тəрізді толқынлы жиырыла бастайды. Нəтижесінде қарапайым
қан ұздіксіз колғалысқа келеді.
Организмнің одан əрі күрделенуі тамырлар арнасы ұштарының бір-
бірімен қосылып байланысуына, сөйтіп, олардың тұйықталуына өкеп соғады.
Осыдан тұйықталған тамырлар жүйесі дамиды.
Бұл төменгі сатыдагы
құрттарда кездеседі. Олардың денесінде бір арқа жəне екі құрсақ тамырлары
жетіледі. Қан дененің бас бөлігіне арқа тамырының жиырылуы арқылы
жеткізіледі. Буылтық құрттарда аталған тамырлардың екеуі ғана: арқа жəне
құрсақ тамырлары болады. Олар бір-бірімен өзара тек тамырлар ұштарымен
ғана емес, əрбір дене сегментінде орналасқан метамерлік (сегменттік)
тамырлар арқылы да байланысады. Метамерлік тамырлар өз кезегінде дене
кдбырғасына париетальды, ал ішкі мүшелерге висцеральды тармақтар бөледі.
Қарапайым хордалы жануарларда, мысалы, қандауыршада қан айналым
жүйесі арқа жəне құрсақ қолқаларынан (аорталардан) тұрады. Олар бір-
бірімен желбезек саңылауларында тарамдалған ұсақ қан тамырлары арқылы
ұштасып байланысады. Қанның оттегіге қанығуы да, осы желбезекте жүреді.
Қандауырша қаны түссіз келеді. Қан жасушалары болмайды. Бұл жəндікте
жүректің кьізметін жұтқыншақ астында орналасқан
құрсақ қолқасының етті
бөлігі атқарады. Қаңдауырша денесінің артқы бөлімінде құрсақ қолқасы
кеңейіп, вена қойнауын түзеді. Оған алдыңғы мойындырық венасы жəне
артқы
кардинальды вена тамырлары ашылады. Ішек капиллярларынан
басталған ішекасты вена тамырлары бауырда капиллярлар торларына
таралып, қақпақгық вена жүйесін құрайды. Одан бауыр венасы арқылы қан
вена қойнауына қүйылады.
Суда тіршілік ететін омыртқалы жануарлардағы зат алмасу процесін
атқаратын жүйелердің жетілуі, атап айтқанда желбезек аппаратының
күрделенуі, аралық бүйрек пен капиллярлар торларының дамуы қан айналым
жүйесі құрылымдарында айтарлықтай өзгерістер тұғызды. Мысалы,
акулаларда желбезектер мен желбезек тамырларыңың саны 6
жұпқа дейін
қысқарды. Жоғары сатыдағы балықтарда желбезек тамырларының саны 4
жұпқа дейін азаяды. Бұндай жағдай желбезектердегі капиллярлар
торларының күрделене жетілуін қамтамасыз етеді. Жануарлардың бас
аумағында, желбезек тамырларынан ішкі ұйқы артериясы дамиды. Арқа
артериясынан көкірек қанаттарына бұғанаасты, ал құрсақ қанаттарына
мықын артериялары бөлінеді. Ішкі мүшелерге тарайтын сегментальды
артериялардың саны қысқарып, бауыр мен қарынға тақ іш, ішектерге
шажырқай, бүйректерге бір жұп бүйрек, жыңыс бездеріне жұп жыныс
артериялары бөлінеді.
Тамырлардың веналық жүйесінде де күрделі өзгерістер байқалады.
Қүйрық веналары бүйрек арқылы өтіп, онда капиллярлар торларын түзеді.
Одан артқы кардинальды веналар басталады.
Желбезек пен дене мүшелеріндегі капиллярлар торларының пайда
болуы қанның қозғалысын қиындатып, жаңа қозғалтқыш мүше жүректің
дамуына ықпалын тигізді. Балықтың жүрегі төрт бөлімнен тұрады: вена
371
қойнауы, жүрекше, қарынша жəне артерия бағаны. Аталған бөлімдер бір-
бірінен қақпақшалар арқылы бөлінген. Вена қойнауы қанды жалпы
кардинальды жəне бауыр f кналарынан жинайды, ал артерия бағаны желбезек
артерияларына жалғасады. Балықтарда жүрек арқылы тек вена қаны ағып
өтеді.
Тіршіліктің қүрлыққа ауысуына байланысты денеде газ алмасу процесін
іске асыратын мүше — өкпе дамиды. Бұның өзі жануарлар дың қан айналым
жүйесінің, оның ішінде жүрек пен желбезек тамырлары құрылысының
түбегейлі өзгеруіне себебін тигізді. Өкпе арқылы тыныс алуға байланысты,
вена қойнауы жүрекшемен бірігіп кетеді, ал артерия бағаны қолқа мен өкпе
артериясына ажырайды. Осының нəтижесінде жүрек үш бөлімді (камералы)
жүрекке айналады. Бұған мысал, қосмекенділердің жүрегі.
Оның перде
арқылы бөлінген екі жүрекшесі (оң жəне сол) жəне бір қарыншасы болады.
Бауырымен жорғалаушылардың жүрегі бір-бірінен перде арқылы бөлінген
екі жүрекшеден, бір қарыншадан тұрады. Артерия бағаны қолқа мен өкпе
артериясына бөлінеді. Ал кейбір жануарларда жүрек қарыншалары жартылай
пердемен екіге бөліне бастайды.
Құстар мен сүтқоректілер жүректері толығымен оң жəне сол бөліктерге
ажырап, төрт камерадан тұрады.
Қан тамырларының ішінде желбезек артериялары көп өзгеріске
ұшырайды. Олардан қолқа доғасы мен ұйқы артериялары дамиды.
Құрлықтағы омыртқалы жануарлардың аталған қан тамырлары балықтардың
III, IV жəне VI жүп желбезек доғаларынан дамып жетіледі. Соның ішінде VI
жұптағы желбезек доғасынан өкпе артериялары пайда болады. Желбезек
доғасының VI жүбы бауырымен жоргалаушыларда оң жəне сол, құстарда оң,
сүтқоректілерде сол қолқа доғаларына айналады. Ішкі ұйқы артериясы
желбезек доғасының III жұбынан дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: