373
эндотелийасты қабатын жіңішке талшықгы борпылдақ дəнекер ұлпасы
түзеді. Бұл қабатта зақымдалған эндотелий қабатын қалпына келтіру
қызметін атқаратын жас жұлдызша жасушалар, макрофагтар, кейде аздаған
ет
миоциттері
болады.
Дəнекер
ұлпасының
аморфты
заты
гликозаминогликандарға бай. Ортаңғы кдбығы медианы пішіні терезе тəрізді
(фенестрлі) тесіктері бар 40-50 шақты эластинді жарғақгар кұрайды. Олар
бір-бірімен өзара эластинді талшықтармен жəне қиғаш орналасқан миоциттер
шоғыр-ларымен қосымша байланысқан. Сыртқы қабығы
адвентиция
борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады. Оның коллаген талшықгары артерия
бойымен үзынынан орналасады. Адвентицияда артерияның қабыр-ғасын
қоректендіретін қан тамырлары мен жүмысын реттейтін жұйкелер болады.
Етті-эластинді артерияларға қолқа мен өкпе артериясы баға-нының
жүректен алыс жатқан ірі тармақтарын жатқызуға болады. Жүректен
алыстаған сайын аталған тамырлар қуыстарындағы қанның қысымы
төмендейді.
Сондықган,
аталған
қан
тамырларында,
олардың
қабырғаларының серпімділігімен қатар, қосымша жиырылып, қанды əрі
қарай айдап, жүрекке жəрдем беретін жиырылғыш құрылым пайда болады.
Осыған байланысты артериялар медиасы құрамында эластинді жарғақтардың
аралықтарында, сақина төрізді орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасы
миоциттерінің шоғырлары жетіледі де, аталған құрылымдар тең мөлшерде
араласып жатады. Қалган қабықтары мен қабаттарының қүрылысы эластинді
артерия қабырғасының қүрылысына ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: