К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет433/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Онтогенез. Сүтқоректілердің қан айналым мүшелері онтогенездің өте
ерте кезеңінде қалыптаса бастайды. Олар негізінен жас дəнекер ұлпасы 
мезенхимадан бастау алады. Ұрықтық дамудың бастапқы кезеңінде
мезенхима 
жасушаларының
біркдтары 
қан
аралшықгары 

немесе
ангиобласттар 


түрінде
оқшаулана 
бастайды.
Кейіннен 
бұлардың
ортасындағы клеткалардан эритроциттер мен лейкоциттер пайда болады. Ал 
оларды қоршап жатқан мезенхиманың басты жасушаларынан, ұрықтық
капилляр тамырларының эндотелий қабаты тузіле бастайды. Бұдан басқа 
ұрық денесінен тыс жатқан мезенхимадан сарыуыз қапшығы мен кіндіктің
қан тамырлары пайда болады. Бұлар кейіннен үрық денесінде дамып жатқан 
қан тамырларымен қосылып, оның тамырлар жүйесін қүрайды.
Қанайналым жүйесі қан тамырларынан, жүректен жəне олардың
қуысымен үздіксіз ағып жататын сүйық ұлпа қаннан тұрады. Қан-
дыжүректен организмге алып шығатын ірі қан тамырларын арте-риялар
(қызылтамырлар), қанды организмнен, керісінше, жүрекке алып келетін ірі 
қан тамырларын веналар (көктамырлар), ал артериялар мен веналардың
аралығындағы тым жұқа қабырғалы майда қан тамырлары микроайналым 

372



арналарының 


қан 

тамырлары 
(артериолалар 
қызылтамыршалар,
капиллярлар қылтамырлар, венулалар көктамыршалар) — деп аталады. 
181 — сурет. Қан жəне лимфа айналымдарының нобайы 
1 — бастың капиллярлары, 2 — лимфа түйіні, 3 — көкірек өзегі, 4 — иық-бас 
артерия бағаны, 5 — өкпе капиллярлары, 6 — қолқа (аорта), 7 — артқы куыс вена, 8 —
қабырғалараралықартериялар, 9 — лимфа тамырлары, 10 — бүйрек капиллярлары, 11 — 
алдыңғы куыс вена, 12 — алдыңғы аяқ капиллярлары, 13 — оң жүрекше, 14 — өкпе
артериясы бағаны, 15 — оң қарынша, 16 — өкпе веналары, 17 — сол жүрекше, 18 — сол 
қарынша, 19 — бауырдың капиллярлары, 20 — бауыр венасы, 21 — қақпалық вена, 22 —-
қарын капиллярлары, 23 — аш ішектер капиллярлары, 24 — жуан ішектер капиллярлары, 
25 — жамбас-кұйымшақ капиллярлары, 26 — веиалар, 27 — артқы аяқ артериялары.

ҚАН ТАМЫРЛАРЫ 

Жануарлар организміндегі қан тамырлары қүрылысы мен атқаратын 


қызметіне байланысты: артериялар (қызылтамырлар), веналар (көктамырлар)
жəне микроайналым арнасының тамырлары болып үшке бөлінеді. 
Организмнің үлкен қанайналым шеңберінде қолқа жəне артериялар арқылы
жүректің сол қарыншасынан дене мүшелеріне оттегіге қаныққан артерия 
қаны, ал веналармен, керісінше, дене мүшелерінен жүректің оң жүрекшесіне
көмір-қышқыл газына қаныққан вена қаны тасымалданады. Кіші қанай-
налым шеңберінде жүректің оң қарыншасынан өкпеге өкпе артериясы бағаны
арқылы вена қаны, ал өкпеден жүректің сол жүрек-шесіне өкпе веналарымен 
артерия қаны тасымалданады. Артериялар қанды жүректен организм
мүшелеріне, веналар дене мүшеле-рінен жүрекке тасымалдайтын ірі қан 
тамырлары. Микроайналым арнасының тамырлары артерия тамырлары
жүйесін

вена
тамырлары 


жүйесімен
байланыстырып, 
организм
мүшелеріндегі қан мен ұлпалар арасындагы жасушалык жəне ұлпалық 
деңгейдегі зат алмасуды іске асыратын жұқа қабырғалы майда қан
тамырлары. Тек, "ғажап торларда" ғана қан капиллярлары (қылтамырлар) 
артерияларды немесе веналарды (бүйректе, бауырда) өзара байланыстырады.
Қан тамырлары мезенхимадан дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет