К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет508/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   504   505   506   507   508   509   510   511   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Лимфа тамырлары (лимфатические сосуды) пішіні саусақ тəрізді
томпайып тұйық келген лимфа капиллярынан бастау алады. 


Лимфа капиллярлары (лимфатические капилляры) тым жұқа
қабырғалы лимфа тамырларының бастамасы. Лимфа капиллярларының 
диаметрі 5 мкм -нен 100 мкм -ге дейін өзгеріп отырады. Себебі, олардың
қабырғалары жалаң қабат жалпақ келген эндотелий жасушаларынан 
(эндотелиоциттерден) тұрады. Эндотелий мен оны сыртынан қоршап жатқан
борпылдақ дəнекер ұлпасының коллаген талшықтарьшың арасында негіздік 
жарғақ болмайды. Сондықтан, лимфа капиллярларының диаметрі қан
капиллярларына қарағаңда кең де, созылмалы болып келеді жəне оларды 
қоршаған ұлпа сұйығы мен капиллярлар арасындағы зат алмасу процесі
жеңіл жүреді. Эндотелиоциттердің аралықтарында, лимфа капиллярларының 
куысына ірі молекулалы заттар, жасушалар мен олардың ірі бөліктері өтетін
саңылаулы тесіктер болады. Эндотелиоциттердің цитоплазмасыңда, лимфа 
капиллярлары қабырғаларының жиырылу арқылы өткізгіштігін реттеп
отыратын актиңді микрофиламенттердің бар екендігі анықталды. Жануарлар 
ұлпалары мен мүшелерінің құрылысы мен зат алмасу ерекшеліктеріне
байланысты, лимфа капиллярлары тарілмекті жəне кеңілмекті торлар түзеді. 
Лимфа капиллярлары бір-бірімен қосылып, көптеген лимфа торларын
құрайды. Лимфа капиллярларының жиі торлары, əсіресе, терінің шел 
қабатында, ішкі мүшелер кілегейлі қабықтарында жəне буын қапшықтарында
кездеседі. Мида, жұлыңда, сұйектерде, гиалин шеміршегінде, көкбауыр 
паренхимасында, тері эпидермисіңде, бауырда, көздің қасаң қабығы мен көз
бұршағында лимфа капиллярлары болмайды. Өз кезегінде лимфа 
капиллярлары бір-бірімен қосылып, лимфа тамырларын құрайды.


430
Лимфа тамырлары (vasa lymphatica) арнасының диаметріне


байланысты майда, орташа жəне ірі лимфа тамырлары болып үш топка
бөлінеді. Лимфа тамырларына тəн құрылыс ерекшелігі — оның 
кабырғасында лимфаның тек жүрекке карай бір бағытта қозғалуына ыкпал
жасайтын көптеген қақпақшалардың болуы. Мүшелердің ішіндегі майда 
лимфа тамырларының қабырғасы бірқабат жалпақ эндотелиоциттерден жəне
оның сыртындағы борпылдак дəнекер ұлпасы кабығынан тұрады. Майда 
лимфа тамырларының диаметрі кейде лимфа капиллярларының диаметрінен
кіттті болуы мүмкін. Майда лимфа тамырлары бір-бірімен жалғамалар 
арқылы жалғасып жатады. Лимфаны мүшелерден алып шығатын, мүшелер
сыртындағы лимфа тамырларының арналары кеңейген сайын, олардың 
қабырғаларында бірыңғай салалы ет ұлпасының жекеленген миоциттері
пайда болып, ірі лимфа тамырлары қабырғасының құрылысы құрделене 
бастайды
Орташа, əсіресе, ірі лимфа тамырларының қабырғасында, етті вена қан 
тамырлары кабырғасындағыдай үш қабық жақсы жетілген. Олар: интима,
медиа жəне адвентиция қабықтары. Лимфа тамырларында лимфа төменгі 
қысыммен ағады. Сондықтан, лимфа тамырларының қабырғасы өте жұқа
болып келеді. Лимфа тамырларыңдағы лимфаның қозғалуына, лимфа 
тамырларының қабырғасындағы жиырылу қызметін атқаратын бірыңғай
салалы ет ұлпасының миоциттерімен қатар, бұл тамырларды қоршаған 
бұшпық еттердің жиырылуы, қатар жатқан артериялар қабырғаларының
соғуы жəне т.б. факторлар өз ықпалын тигізеді. Жануарлар денесінде 
төменнен жоғары қарай өтетін өрлеме лимфа тамырларының қабықтары
жақсы жетілген. Олардың ішкі қабығы интима екі қабаттан құралған. Олар: 
ішкі эндотелий қабаты жəне сыртқы борпылдақ дəнекер ұлпалық қабат.
Ортаңғы қабығы медиа бірыңғай салалы ет ұлпасы миоциттерінің: ішкі 
сақинаша қабатынан жəне сырткы қиғаш қабатынан тұрады. Миоциттердің
арасында эластин жəне коллаген талшықтары кездеседі. Сыртқы қабығы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   504   505   506   507   508   509   510   511   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет